Accessibility links

Қазақстанның діни бірлестік жетекшілері терроршылықты айыптап, Үндеу жариялады

  • Гүлмира ХАМЗА

Көкектің 1-нде Қазақстанның діни бірлестік жетекшілері бұқараға үндеу жариялады. Бұл үндеуде кейбір діни басқарма жетекшілері зорлық- зомбылыққа, дінді саяси мақсатарға пайдалану ниетіне қарсы екенін айтып, қазақстандықтарды терроршылықпен күресуге шықырды.

Қазақстанның діни бірлестік жетекшілерінің үндеу жариялауына үстіміздегі жылдың алғашқы айларынан бастап, Испания, Ирак, Индонезия, Ресей және Өзбекстанда орын алған соңғы лаңкестік оқиғалар себеп болған. Республика мұсылмандарының діни басқармасының жетекшісі Әбсаттар қажы Дербісәлі, Астана және Алматы Митрополиті Мефодий, Рим Католик шіркеуінің архиепископы Томаш Пэта және Қазақстанның бас раввині Ешая Коген қол қойған үндеуде терроризмді жою үшін күллі әлем халқы ат салысуы керек, деп айтылған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жетекшісі Әбсаттар қажы Дербісәлі лаңкестер мен содырларды ақтауға болмайды дегенді айтты.

Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

- Біз Қазақстада мекен еткен түрлі дін өкілдері, күллі ізбасарларымызбен лаңкестік әрекеттерден опат болған күнәсіз құрбандарды аза тұтамыз. Біз кез-келген зорлық-зомбылыққа, соның ішінде дінді саяси мақсатарға пайданушыларға қарсымыз. Құдайға сенетіндердің парызы-халықаралық лаңкестікке және содырлыққа қарсы күресте бас біріктіру. Біз қазақстандықтарды еліміздің іргесін шайқатын, қоғамдағы тұрақтылықты бұзатын азаматтардан, лаңкестер мен содырлардың барлығынан теріс айналуға шақырамыз. Біз Қазақстан басшылығына және күллі отандастарымыздың бойына аса ізгі парасаттылық дарытқан жаратушымызға шексіз ризамыз.

Рим Католик шіркеуінің архиепископы Томаш Пэта «лаңкестік әрекеттерге үміті жоқ адамдар барады, себебі терроршылық өлімге шақырады»,-дегенді айтты. Өз кезегінде Қазақстандағы еврей қауымдастығының бас раввині Ишая Коген Қазақстанда лаңкестік оқиғалар орын алмау үшін, кез-келген адам құдайға құлшылық етіп, бейбітшілікті тілеуі керек. Сонымен қатар, раввин Ешая Когеннің ойынша, Қазақстанда тұратын халық өте мейірбан болғандықтан, лаңкестік оқиғалардың орын алуы екі талай. «Қазақстанда тұратын халықтың басқа ұлт өкілдеріне сыйластықпен қарайтын ерекшелігі бар, бұл өте жақсы ерекшелік,» – деді Ешая Коген.

Татулық пен мейірімділікке шақырған Қазақстанның діни бірлестік жетекшілері адамдар не себептен лаңкестікке баратынына тоқталғысы келмеді, себебі біздің саясатқа қатысымыз жоқ,- деді олар.
XS
SM
MD
LG