Accessibility links

Биылғы жылы мемлекеттік астық сатып алу көлемі 2 миллион 478 мың тоннаны құрайды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Бұл туралы көкектің 2-і күні Астанада "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы " жабық акционерлік қоғамы президентінің бірінші орынбасары Абай Бисембаев мәлім етті. Ал, өткен жылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен сатып алынған астық көлемі 2,2 миллион тоннаны құраған. Абай Бисембаевтың айтуынша, корпорация 2004 жылы нан бағасын тұрақтандыру үшін белгіленген баға бойынша ұн комбинаттарына 900 мың тонна бидайды сата бастаған.

Биесембаевтың айтуынша қазіргі уақытта нан бағасы 30 теңге деңгейінде. Ол қазақстандық банктердің несиелерімен қатар өткен жылдан бері шет елдік қаржы институттарының қаржаттары тартылып отырғанын айтады. 2003 жылы ірі еуропалық банктен 85 млн. АҚШ доллары сомасында синдикатты заем алынған. 2004 жылдың ақпанында корпорация 105 миллион АҚШ доллары мөлшерінде тағы бір заемді тарту үшін тендер өткізіпті. Осы қаржаттар шаруаларға көктемде аванс беру үшін пайдаланылмақ екен. Қазақстан Үкіметінің 24 наурыздағы қаулысына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру ержелері мен квоталары анықталып, Қостанай облысынан 1 190 мың тонна астық, Амола облысынан 610 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысынан 465 мың тонна астық сатып алу жоспарланыпты. Бисембаев, корпорацияның биылғы жылы гумманитарлық бағдарлам жасағанын, онда Ауғанстан және Иракқа астық жіберу көзделгенін, бірақ оны мемлекет шешуі керектігін айтты. Оның айтуына қарағанда бидайдың бір тоннасы Қазақстанда 170-180 доллар көлемінде, ал Украинада 270, Ресейде 220-225 доллар. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Грегорий Марченко, Қазақстандағы нан бағасының Ресейдегі бағадан екі есе кем екенін айтады. Ол нан бағасының төмен болуына мемлекет тарапынан қабылданған қосымша интервенциялар ықпал етті дейді. Ал, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікбай Бисетаев, Қазақстандағы нан бағасының ең қымбаты 30 теңгеден аспауы керек деп есептейді. Жұртшылық өкілдері болса нан бағасының қымбаттағанына алаңдайтындықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG