Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Соломон Пассидің Қазақстандағы сапары қарсаңында республикадағы “Қазақстанның демократиялық таңдау” қозғалысының және “Ақжол” партиясының өкілдері Соломон Пассидің сапарынан ештеңе өзгермейді деген пікір айтып отыр.


Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қосылғанына 10 жылдан асқан. 12 жыл бұрын республика басшылығы аталған ұйымның адам құқы жөінндегі барлық міндеттемелерін орындауға уәде берген болатын. Ал “Қазақстанның демократиялық таңдау” қозғалысының өкілі Серғазы Сәдуовтың пікірінше, республикада адам құқын сақтау толық қанды жүріп отыр деп айтуға болмайды. Біріншіден, сайлау туралы, екіншіден бұқаарлық ақпарат құралдары туралы заң халықаралық ұйымдардың талаптарына сай келмейді. Республикада демократия орнатуға бағытталған институттар өздеріне жүктелген үмітті ақтамай отыр,-дейді Сәдуов мырза.

Мысалы, учаскелік комиссияның құрылуын қазір маслихаттарға берген. Біз қазір барлық деңгейдегі маслихаттар, тек президенттік партиялардан құралатынын білеміз. Екінші жағынан, біздің Қазақстан формальді түрде демократиялық институтарға ие болған. Олар, шын мәнінде, толық қанды өз міндетін атқарып отыр деп айтуға болмайды. Осы өткен сайлауда көрдік, прокуратура мен сот өз функцияларын атқарған жоқ. Олар, жалпы, сайлауда заң бұзылғанына араласқысы келмейтінін ашық айттты. Сондықтан, Қазақстанда сот пен прокуратура жүйесі бар,-деп айтуға ертерек.

Қазақстан парламентінің халықаралық істер комитетінің мүшесі Серік Әбдірахмановтың пікірінше, соңғы кезде Қазақстанда құқық сақтау саласында ілгерілеушілік бар.

Басқа республикаларға қарағанда, Орта Азия ТМД республикаларымен салыстырғанда, азда болса, қимыл алға бар. Мынау сайлау туралы соңғы заң дегенмен бір қадам алға басайық деп тұрмыз. Сайлау туралы электронды жүйеге келіспеймін. Осы демократияны ойлап тықпалап жатыр ма, жоқ тендерді өткізіп алып, тиісті электронды жүйелерді сатып алып, жүйеге ыңғайлады ма, міне осы жағынан менің күмәнім бар. Ал ақпарат құралдарына келсек, ОБСЕ-нің көп сындары орынды. Соңғы қабылданған заң, көп жағдайда министрлерге өте қолайлы.

“Ақжол” партиясының Астанадағы филиалының төрағасы Қалиахмет Бимахимовтың пікірінше, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Соломон Пассидің сапарынан ештеңе өзгермейді. Мына біздің президент бір сөзінде айтып еді, біздің елде демократияның қалай даму керектігін бізге шет елдер ақыл айтпай-ақ қойсын деп. Мүмкін ол келер, ақылын айтар. Ал, іске асама сол. Біз демократияға дайын емеспіз,-де п шығамыз. ОБСЕ-ге біз кірдік, ауызша қолдаймыз, нағыз істеріміз оған сәйкес келмейді. Мына ақпарат туралы ОБСЕ өз пікірін айтып жатыр. Біз оны пысқырмаймыз. Бір жағынан кіремізде, бір жағынан олардың құжаттарындағы баптарды біз орындамаймыз Қазақстандағы адам құқы жөніндегі ұлттық орталықтың маманы Талғат Берекетовтың түсінігінше, Қазақстандағы жағдай ойдағыдай. Біріккен ұлттар ұымында және басқа да жиналыстарда Қазақстанда адам құқығы жөніндегі әңгіме көтеріліп жатқан жоқ, демек, Қазақстанда адам құқығы жөінінде, ілгерілік бар, әрине. Өйткені біз, құқық жөніндегі 2 пактіге қол қоюымыздың өзі, үлкен бір алға басқан қадам. Мысалға, біз өлім жазасына мараторий енгіздік, ол да бір адам қорғаудағы үлкен бір табыс. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері 1999 жылғы президент сайлауы халықаралық нормаларға сай өткізілген жоқ,-деген болатын. Ал, жоғарыда келтірілген пікірлердің авторлары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Соломон Пассиді Астанаға келеді деп күткен, бірақ аяқ астынан, белгісіз себептермен халықаралық ұйым басшысы, Алматыға келіп 1 күндік сапармен шектелетіні хабарланды. Ақпарат таратқан республиканың сыртқы істер министрлігінің баспа сөз қызметі бұл өзгерістердің неліктен жасалғанына жауап бере алмады.
XS
SM
MD
LG