МӘСКЕУ: Ресей президенті Владимир Путин БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннанмен Мәскеуде бүгінгі келіссөздері барысында халықаралық жанжалдарды үйлестірудегі БҰҰ-ы рөлінің өсуін және БҰҰ-ының ішіндегі реформаларын Кремльдің қолдайтынын мәлімдеді. В.Путиннің атап көрсетуінше, халықаралық мәселелерді шешуде БҰҰ-ынан басқа тиімді құрал жоқ. Өз кезегінде К.Аннан: “өткен жылы болған әлемдік теке-тірестердің беті қайта бастады. Ендігі жерде мен жалпыға бірдекй проблемаларды шешу үшін үкіметтер күш біріктіріп жатқанын көоріп отырмын”, -деп атап көрсетті.