Accessibility links

Мұқтад Ас-Садрдың жеке армиясына қарсы Бағдадтың батысындағы Әш-Шаула ауданындағы кескілескен шайқаста бүгін АҚШ-тың тікұшақтары әуеден соққы берді.


БАҒДАД: Әсірешіл шийт-мұсылмандарының жетекшісі Мұқтад Ас-Садрдың жеке армиясына қарсы Бағдадтың батысындағы Әш-Шаула ауданындағы кескілескен шайқаста бүгін АҚШ-тың әскери тікұшақтары әуеден соққы берді. Біздің Бағдадтағы тілшіміз Сами Алходжаның Ас-Садрдың штабынан хабарлағаындай, шайқас барысында кем дегенде 2 адам оққа ұшты: “Адамдар тікұшаққа қарай оқ атты. 2 не 3 кісінің оққа ұшқанын және бірнеше адамның жараланғанын мен өзім көрдім” деп хабарлайды біздің тілшіміз Сами Алходжа Бағдадтан.
XS
SM
MD
LG