Accessibility links

«Құқықтық Қазақстан үшін» республикалық қоғамдық қозғалысы саяси партия болып құрылуы мүмкін

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Бұл туралы аталған қозғалыстың төрағасы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің ректоры Мақсұт Нәрікбаев интелегенцияның Павлодар облысында болған аймақтық форумы кезінде мәлімдеген.

Аталғандай жаңа саяси партияның құрылуына байланысты қоғамда әртүрлі пікірлер айтылуда. Қазақстан Парламент Сенатының депутаты Зәуреш Батталованың пікірінше, құрылғалы отырған партияның көздеп отырған мақсаты бар. «Нәрікбаев қазір Президент аппаратының политехнологиясының бір тапсырмасын орындап жатыр деп түсінуге болады. Одан басқа ештеңе жоқ мұнда. Нәрікбаев партия құрамын, сайлауға дайындаламын деп саясатқа бұрыннан кіруі керек еді. Бүгінгі күні ондай іс-әрекет жасап отырғаны оппозициялық партияға қарсы жұмыс жасау»,-деді Батталова. «Ақжол» демократиялық саяси партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаев қоғамның саяси негізін анықтап алмай жатып, салалық партия құрудың қажеті жоқ деп есептейді. «Бүгін заңдылық жағындағы партия дейміз, ертең ветеренарлық тәртіп үшін бір партия құруға болады. Үшінші күні өсімдіктерді қорғау жөнінде партия құруға болады. Қоғамның негізгі базалық принциптері үшін күресетін партияларды құрып және оларды аяғынан тік тұрып қоғамның негізіне айналмай жатып қазір салалық партиялардың ешқандай келешегі және олардың қажеттілігі жоқ», деді Сәрсенбаев. Талдықорған қаласында іс-сапармен жүрген «Құқықтық Қазақстан үшін» республикалық қоғамдық қозғалысының төрағасы Мақсұт Нәрікбаевпен сұхбаттасудың реті келмеді. Ал, аталған қозғалыстың мүшесі Әбіл Жүнісов, партия құру туралы ұсыныстың қозғалысты қолдайтын заңгерлер тарапынын болғанын айтады. Жүнісов, қозғалыстың партияға айналуы туралы мәселенің талқыланатынын айтты. Парламент Мәжілісінің депутаты «Құқықтық Қазақстан үшін» республикалық қоғамдық қозғалысы үйлестіру кеңесенің мүшесі Жазбек Әбдиев өзінің аталған қозғалысқа өз үлесін қосып жүрмін деп есептейді. Ал, Жер және және қазақ тағдыры атты комиссияның төрағасы Сапабек Әсіпұлының, жоғарыда аталған қозғалыс төрағасына қояр талабы бар. «Әсіресе, қазақ халқы ең басты өмірлік құқықтан құр қалған. Ең басты құқық құнарлы топыраққа, нәрлі суға қолайлы жолға барлық адам баласының құқығы бірдей болуы керек. Осы құқық айтылмай жүр», деді ол. Жұртшылық өкілдері болса өздерін саяcи партиялар мәселесі қызықтырмайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG