Accessibility links

Кеше Ирақта одақтастар әскері бүкіл Ирақ бойынша шабуылшылармен қақтығысқа түсті.


Бағдад. Кеше Ирақта одақтастар әскері бүкіл Ирақ бойынша шабуылшылармен қақтығысқа түсті. Шиит дін басы Моқтада Садрды қолдап көтеріліске шыққан топтар одақтастар әскеріне үш күн ұдай шабуыл жасады. Қақтығыстарда екі жақтан да шығындар болды. Нассирия қаласындағы қақтығыстарда 15 ирақтық опат болды. Соңғы екі күнде опат болған америка жауынгерлерінің саны 7 кісі. Осы оқиғаларға орай Ирақтағы америка әкімі Пол Бремер былай дейді: "Бұл шииттер көтерілісі емес. Бұл заңсыз қарулы топтар." . Соңғы сағатта келіп түскен мәлімет бойынша Ирақта болған соңғы қақтығыста тағы да 12 американдық жауынгер опат болған. Бұл оқиға Ирақтың Анбар өлкесінде соңғы сағаттарда орын алған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG