Accessibility links

Шешенстанның жанпидашылық әрекетке дайындалған әйел азаматы 20 жылға бас бостандығынан айрылды.


Осындай шешімді Мәскеу соты бүгін қабылдап отыр. Зарема Мужакоеваға өткен дүйсенбі күні ант беруші, қазылар алқасы террорлық әрекетті жүзеге асырғысы келген, деген айып таққан еді. Өткен жылдың шілде айында Зарема ханым бомба салынған арқа қапшығымен Мәскеудің орталығындағы бір ресторанға кіргенінде, одан сезіктенген қауіпсіздік қызметкерлері сол арада оны тұтқындаған болатын.
XS
SM
MD
LG