Accessibility links

Ирақтағы шайқастар одан әрі жалғасуда.


Ирақ İшкі істер министрі қызметінен өз өтінішімен кететіндігін мәлімдеді. Өзінің аталған қадамын ол ”АҚШ-тың бастауындағы әкімшіліктің елдегі Қорғаныс министрінің де, İшкі істер министрінің де шии мұсылман өкілі болғандығын қаламайтындығын естідім”,- деп министр Ноури әл-Бадран мырза түсіндірді. Бұқаралық ақпарат көздері хабарларына қарағанда, қоршауда қалған Фажуллах қаласына азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге тырысқан жеңіл ауто көліктер мен жүк машиналары, жаяу адамдар легі толастамауда. Ирақтағы бей-берекеттіктерге байланысты Америка әскерлерінің едәуір проблемалармен бетпе-бет келгендігін Қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфельд мойындады. Алайда, Құрама Штаттары жағдайды бақылауда ұстауда және бас көтерушілерге қарсы шабуылдар жасауда, деді. Сәрсенбі күні АҚШ-тың бастауындағы күштер сүнні мұсылмандары мен шии мұсылмандары көпшілік боп табылатын аймақтарда шайқастар жүргізгеннен кейін Рамсфельд мырза сөз алып отыр. Осы аптаның өзінде күш қолданулар кесірінен 280-дей ирақтықтар және 35 америкалықтар, бір украйналық, бір сальвадорлық солдат қаза болған. Бұл жөнінде Рамсфельд мырза: “Құрама Штаттары алға қойылған мақсат орындалғанға дейін өз бағытынан таймайды. Елбасы Буш айтқандай, біз 25 миллион халықты бостандыққа шығару үшін, Ирақтың дәл ортасына мыңдаған мил қашықтықтарды басып, соншама ауыр шығындарға батып, босқа келген жоқпыз. Қарақшылар мен кісі өлтірушілерден шегіну үшін келген жоқпыз”,- деді Рамсфельд мырза. Оның айтуынша, Ирақтан таяу арада шығарылады деген әскерилер жағдайды реттеуге көмектесу мақсатында әлі тұра тұрмақшы.
XS
SM
MD
LG