Accessibility links

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндағы уәкіл Болат Байқадамов есеп берді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Көкектің 8-і күні Қазақстандағы адам құқықтары жөніндағы уәкіл Болат Байқадамов: «Бірқатар халықаралық ұйымдар мен жекелеген мемлекеттер Қазақстан туралы оң пікірлер білдіріп отыр. Оған өткен жылдың екінші жартысында Қазақстанның Адам құқықтарын қорғау саласында екі халықаралық пактіге қол қоюы және өлім жазасының орындалуына мораторийдің жариялануы, тергеу изоляторының азаматтық мекемеге берілуі, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау туралы Қазақстан қосылған ковенциялар бойынша дер кезінде есептердің жасалуы ықпал етті»- деп мәлімдеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары жөніндегі бөлім меңгерушісі Талғат Берекетовтың айтуынша, өткен жылға қарағанда биыл шағымданушылар көбейген. «Құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдар көбейді. Мысалы, тергеудің дұрыс еместігі, сондай-ақ жазасын өтеушілердің құқықтарының бұзылуы жөніндегі мәселелер жайында», деді Берекетов. Оның айтуынша, мұндай шағымдар көп жағдайда расталып жатады. Болат Байқадамов құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынын өрсекел құқық бұзушылықтың болғанын да мысал етті. «Құқық қорғау органының өкілдері мәдени орындардың бірінде бір азаматты заңсыз соққыға жыққан » дейді адам құқықтары жөніндегі уәкіл. Ал, Астаналық азамат Мұрат Сыздықов адам құқықтары жөніндегі уәкіл көз алдарқату үшін ғана тағайындалған қызмет деп есептейді. Өзін абақтыға қасақана жабылдым деп моральдық шығынын даулап жүрген Сыздықов мырза Болат Байқадамовтың алдында болғанын айтты. «Болат Байқадамовтың айтқаны мен жәй отырған адаммын. Менің кабинетімнің аумағы қандай кішкентай болса менің ауқымымда сондай кішкентай. Мен сіздің мәселеңізді шеше алмаймын деп бірден тіке жауап берді »,- деді Сыздықов. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы Федор Ручкиннің айтуынша, қоғамдық ортаға қарағанда, абақтылар мен оқшаулау мекемелерінде адам құқықтарын бұзу мүмкіндіктері көп. Қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Оздоевтің пікірінше, Қазақстанда заңдар тиісінше жұмыс жасамайды. Адам құқықтарының қорғаулы туралы жұртшылық өкілдерінің пікірін сұрағанымызда, мынадай жауаптар алдық: -Айта алмаймын. -Білмеймін. Өз құқығымызды қорғауға тырысамыз, бірақ ойлағандай бола бермейді. -Дұрыс емес жерлерін шамамыз келгенше айтамыз. Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев «Бұрынғы одақтас республикалардың ішінде Қазақстанда адам құқықтарының сақталуы әлдеқайда жоғары деңгейде» деген пікірде. Әбішев мырзаның айтуынша, өткен жылы комиссия қарауына 700-ден аса жазбаша шағым түсіпті. Оның ішінде өкілетті органдар дұрыс қарамаған деп күдік тудырған 47 шағым бақылауға алынып, олардың 23 –інде айтылған шағымдар расталыпты. Ал, осы жылдың бірінші тоқсанында комиссия қарауына 200-ден аса шағым түсіпті.
XS
SM
MD
LG