Accessibility links

Қазақстанның Парламент Мәжiлiсi “Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Қауiптi әскери қызметтi болдырмау жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы” Заң жобасын мақұлдады


Қорғаныс министрiнiң орынбасары Абай Тасболатовтың айтуынша, Келiсiм Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршiлiк қарым-қатынасты қолдауға, екi елдiң қарулы күштерi арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Аталған келiсiмге 2002 жылы 23 желтоқсанда Пекин қаласында қол қойылыпты.

Қорғаныс министрiнiң орынбасары Абай Тасболатовтың айтуынша, келiсiм бейбiт уақытта бiр-бiрiне жақын қашықтықта әскери әреттердi жүзеге асырған кезде қарулы күштердiң және азаматтық қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi көздейдi. “Келiсiмде тараптардың төтеннен болған оқиғаларды күш қолданбай кеңесулер арқылы шаралар қабылдауы қаралған. Бұл құжатттың ерекшелегi осында”,- дейдi қорғаныс министрiнiң орынбасары. Тасболатов келiсiмнiң Қазақстан үшiн үлкен жеңiс екенiн, өйткенi, қандай ма болмасын оқиға болса ол мәселенiң осы келiсiм бойынша шешiлетiндiгiн айтады. Ал, депутат Өмiрғали Кенжебек “мұндай заң жобаларының мазмұнынан көп жағдайда бейхабар боламыз” дейдi. Заң жобасын дайындаушылардың айтуына қарағанда келiсiм 1996 жылы 26 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы; Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасында шекара аймағында әскери саладағы сенiмдiлiктi нығайту туралы келiсiмге негiзделiптi. Ал, оны Қазақстан 1996 жылдың 24-шi желтоқсанында бекiтiптi.
XS
SM
MD
LG