Accessibility links

Жұқпалы дертке қарсы егілген дәріден кейін сырқатқа ұшыраған қазақстандық нәрестерлердің саны 300-ге жуық

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

«Туберкулезге қарсы егілген дәріден кейін сырқатқа ұшыраған қазақстандық нәрестерлердің саны 300-ге жуық. Олар қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Ал, сәбилерді егуге пайдаланылған дәріні пайдалануға осы жылдың ақпан айынан бастап тиым салынды", деді көкектің 9-ы күні ""Азаттық" радиосына берген сұхбатында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы Бекбай Хайруллин.

Бекбай Хайруллин, орын алып отырған жағдайды туберкулездің алдын алуға байланысты салынған дәріден асқыну деп түсіндіреді. «Сәбилер бірінші рет БЦЖ деген вакцинаны алған. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында. Бұл мәселенің жәй-жапсарын көкектің 13-інде Женевадан келетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары тексеріп айтатын болады» деді. Оның айтуынша, сәбилерге салынған дәрі-дәрмек бұрынғы Югославиядан сатылып алынған.Қазақстанда тексеріліп, тіркеуден өтіпті. Сондай-ақ ол Ресейден шығатын дәріге қарағанда бұрынғы Югославиядан әкелінген вакцинаның арзанға түскенін айтады. Ал, Астана қаласындағы нөмірі бірінші перзентханада болғанымызда бас дәргердің орынбасары Райса Трапезникаова, аталғандай жағдайдың мұнда орын алмағанын айтты. Оның айтуынша, перзентханада мұндай проблема болған емес. «Біз бес-алты жылдан бері Ресейден шығатын дәрі-дәрмекті пайдаланып келеміз» дейді. Аталған перзенхананың жаңа туылған нәрестелер бөлімінің аға медбикесі Сәуле Смағұлова, жоғарыда аталған жағдайлардан кейін перзентаханада екі рет комиссия болып тексеру жұмыстарының жүргізілгенін, бірақ ешқандай олқылықтардың анықталмағанын айтты. Дегенмен, Сәуле Смағұлова, ата-аналардың алаңдаушылық білдіріп телефон шалушылардың көбейгенін айтады. Жоғарыда аталғандай жағдайдың Қарағанды қаласында орын алғаны және «Майқұдық» балалар ауруханасында 40 баланың жатқаны жайында «Экспрес-К» газетінде көкектің 8-і күні мақала жарияланды. Мәселенің мәнісін анықтау үшін Қарағанды қаласындағы «Майқұдық» балалар ауруханасының бас дәрігері Владимир Каминовке хабарласқанымызда қазіргі уақытта мұнда 42 баланың емделіп жатқаны туралы ақапарат алдық. Каминов мырза «Сәбилер дәрігерлердің қарауында. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Қызулап жатқандары жоқ. Біздің аурхана аталғандай егумен ешқандай да байланысты емес. Біз қазір тек көмек көрсетіп жатырмыз. Ақпаратты келіп алыңыздар» деді. Дәрігер мамандардың айтуынша, БЦЖ вакцинасы туберкулездің алдын алу үшін салынады.Ал, оны жаңа туылған нәрестеге үш күннен соң егеді. Ал, бұрын туберкулезге қарсы сәбилерді еккенде жылына 15-20 оқиға анықталып келіпті.
XS
SM
MD
LG