Accessibility links

Ауғанстан орталық үкіметі өзбек текті әскери қолбасшы Абдул Рашид Достумның қол астындағы күштерді солтүстік батыстағы Фаряб уәлаятының астанасы Майманадан шығып кетуге үндеген.


Рашид Достумның әскерлері Маймананы басып алып, Қабул қолдауындағы әкім Енаятұлла Енаятты қашып кетуге мәжбурлеген болатын. Енді Орталық үкімет бұл қалаға АҚШ даярлаған Ауған ұлттық армиясынан бір неше жүздеген әскерді жіберіп отыр. Ауғанстан ішкі істер министрі Али Ахмад Жамалидің айтуынша, жіберілетін 750дей әскер генерал Достумның күштерін жеңіп, Фарябқа үкімет тағайындаған әкімді отырғызбақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG