Accessibility links

Жапония астанысдағы үкімет үйі қасына 600дей шеруші жиналып, бас министр Койзумиден Ирақтағы Жапон сарбаздарын кері қайтаруды талап етті.


Олар бас министрден 3 Жапон азаматын кепілдік тұтқында ұстап отырған ирақтықтардың талабын орындап, Ирақтағы 550 жапон әскерін елге қайтару қажет деп сұраған. Бірақ Жапония бас министрі лаңкестерден келген ондай талапқа берілмеймін деп қайталаған. Хабарларға қарағанда, кеше бейсенбіде Ирақта кепілдікке aлынған 13 шет елдік азаматтың кемінде үшеуі жапондық бар болған. Бұлардың ішінде бір әйел де бар екен. Қалғандары - Израилдық екі араб және бір канадалық азамат. Аманатта болған Оңтүстік Кореялық 7 миссионер артынша босатылып жіберген. Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Бан Ки Мун бұл мәселеге орай бүгін: - Сәуірдің 9-ынан бастап, Ираққа баратын азаматтар алдын ала үкіметке өз арыздарын берсе ғана біз қауіпсіздік шарасын реттей аламыз, - деген. Оңтүстік Корея үкіметі АҚШ бастаған одақтас күштерге жәрдем ретінде Ираққа бәрі болып 3600дей әскер жібермек.
XS
SM
MD
LG