Accessibility links

Дзюньитиро Коидзуми жапон әскерін Ирақтан алып кету мүмкін емес деп үзілді-кесілді мәлімдеді.


ТОКИО: Жапонияның премьер-министрі Дзюньитиро Коидзуми бүгін Ирақта кепілдікте отырған 3 жапон азаматының тағдыры беймәлім деп хабарлады. Өткен аптада Ирақтағы экстремистер 3 жапондықты байлап әкетіп, егер Токио 550 жауынгерін Ирақтан алып шықпаса, әлгі азаматтарды өлтіретінін мәлімдеп, қоқан-лоқылық жасады. Дзюньитиро Коидзуми жапон әскері Ирақтан кетпейтінін үзілді-кесілді мәлімдеді. Ол бүгін Токиода АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейнимен келіссөз өткізуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG