Accessibility links

Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласындағы атысты доғару жөніндегі бейресми шарт бүгін қала іші мен сыртындағы жекелеген атыстаға қарамастан әлі де сақталуда.


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскерінің өкілі генерал Марк Киммит бүгін Әл-Фаллуджа қаласындағы ахуалды “бірқалыпты” деп сипаттады. Оның айтуынша, жекелеген атыстардың орны болды, бірақ Бағдадтан 50 шақырым жердегі Әл-Фаллуджаны қоршап тұрған АҚШ әскері соғыс қимылдарына бармады. Ирақтың Басқару кеңесінің дәнекер болуымен, қарулы сүнни жасақтары мен коалициялық күштердің арасындағы келіссөзді Марк Киммит келіссөздің “бастапқы сатысы” деп суреттеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG