Accessibility links

Ирақ қауіпсіздікті күзететін қызметкерлер үшін де қауіпті болып отыр.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Ирақ қарапайым азаматтар үшін ғана емес, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет үшін де қауіпті болып тұр. Жуырда Ирақтың Фаллуджа қаласында сондай 4 күзетті көтерілісшілер азаптап өртеп өлтіргені аян. Ирақтағы ресми адамдар мен маңызды нысаналарды күзетуге әскер ғана емес бұрын әскерде болған азаматтар тартылып отырғаны аян. Олардың дені Америка азаматтары.

Өзіңізге аян жуырда Ирақтың Фаллуджа қаласында кісінің төбе шашын тұрғызған бір оқиға болды. Төрт американдық күзетті көтерілісшілер ұстап алып тірілей өртеді. Мәйттерін қаланың телефон дүңгіршектеріне салпақтатып іліп қойды. Соң белгілі болғанындай бұл марқұмдар шартпен жұмысқа жалданған америка азаматтары болып шықты. Қатардағы әскер болмай шықты. Енді осы контракшылар жәйлі әңгіме қозғар болсақ кәзіргі Ирақта бұлардың саны 15-20 мыңдай кісі екен.

Ал Ирақтағы Америка әскерінің саны болса 130 мың кісі екені белгілі. Бұл деректерді Вашингтондағы Америка университетінің профессоры тарихшы Петр Кузницк беріп отыр. Сонда Ирақтағы контрактшылардың жұмысы не деген сауал туындайды. Кузницкидің айтуынша олар негізінен дипломаттар, журналистерді қорғайды. Немесе, Ирақтағы шетелдің компанияларға жалданып олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олардың дені Кузницкийдің айтуынша Америка әскерінің бұрынғы солдаттары. Яғни, әскери тәжрибесі мол жандар. Алайда олардың арасында өзге елдерден келгендерде бар.

"Мысалы Түстік Африкадан келгендер бұрыңғы апартеидтік режимді бастан кешкендер. Сондай-ақ Ирақта Чилиліктер де аз емес." дейді тарихшы Кузицк.

Ие, дәл солай. Енді олардың еңбегі қалай төленеді дегенге келсек өзіңізге белгілі АҚШ Ирақтағы операцияларына тек биылдың өзінде 87 миллиард доллар бөліп отыр. Сол қаражаттың біразы осы контракшыларға да жұмсалады. Мысалы, олар Ирақта өткен әр күніне 1 мың доллар алады екен. Ал, егер олар Ирақтағы компанияларға жалданса онда олардың шығынын сол компания көтереді. Зейнеттегі американдық полковник Алард Кеннетц бұл контракшыларды жалдау үкімет үшін тиімді болып отыр дейді:

"Сіз контрактшыларды белгілі бір уақытқа белгілі бір тапсырма үшін жалдайсыз. Сол үшін ғана төлейсіз. "

Ал, әскер үшін сен Ирақтағы жағдайдан кейін де, тіптен зейнетақысы үшін де төлеуге тиіссін дейді Кеннетц. Мінеки Ирақтағы 15-20 мың әскери емес күзеттің жағдайы осындай.
XS
SM
MD
LG