Accessibility links

Жастардың саяси белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды


Көкек айының 12-сі күні Алматыда жастардың түрлі саяси қоғамдық ұйым өкілдері бас қосып, жастардың сайлау алдындағы саяси белсенділігін арттыру мәселесін талқылады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 180-ге жуық жастар ұйымы жұмыс істейді екен.

Бас қосуға қатысушылар сол ұйым өкілдері мен Қазақстан жастары бүгінде тек саяси науқандарды өткізуші құрал ғана болып отыр. Сондықтан да алдағы парламент сайлауына жастардың белсенді түрде ат салысуы үшін нақты істер атқаруымыз керек,-дегенді айтты. “Қазақстан жастарының демократиялық одағы” қоғамдық ұйымының мүшесі Дәурен Бабамұратов жастар белсенділігін арттырудағы нақты қадамдардың бірі ретінде өздерінің Қазақстан мемлекеті “Жастардың муниципалдық және аймақтық құрылымының өміріне қатысуы туралы” Еуропалық Хартияға қосуылуы керек. Еуропалық Хартияға сәйкес Қазақстанда жастардың сайлауға қатысу құқығын 16 жастан бастауды ұсынамыз,- деді. -Бүгінде Қазақстанда 180-ге жуық қоғамдық ұйым бар. Бірақ біз олардың жұмысының нәтижесін көріп отырғанымыз жоқ. Жастар әлі оянған жоқ. Оятудың әр түрлі механизмдері бар. Өз тарапымыздан біз 1992 жылы Еуропалық Кеңес қабылдаған Хартияға Қазақстанда қол қойса деген ойымыз бар. Ондағы мақсатымыз - Еуропа жастары қалай дамуда, олардың саяси белсенділіктері қандай? Осы мәселелерді өзіміздің жастарымызға көрсету. Ал бұл пікірге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті Алма Сайлауқызы өз көзқарасын былайша білдірді.

-Батыстың өзге елдердің жастары белсенді, 16 жастан сайлауға қатысуға дәрменді шығар. Кәмелеттік жасқа толған жастардың өзі сайлауға бармай жатқанда оларды 16 жастан сайлауға қатыстыру үшін заңға өзгеріс енгізудің нәтижесі шамалы болады,- деп ойлаймын. “Қазақстанның Отаншыл жастар” ұйымының мүшесі Азамат Жетпибаев мұндай бас қосулар жастардың саяси белсенділігін арттырмайды. Бүгінде билік басындағылар жастардың саяси белсенділігін көтеруге ынталы емес,- дегенді айтады.

-Нақты шаралар жасауымыз керек. Митингілер, акциялар өткізу. Кез-келген ұйымға кіру, заңдар қабылдау деген оңай. Ал соның нәтижесі қалай болады? Мәселенің осы жағын ойластыруымыз керек. Осы орайда қарапайым қазастандықтарға да микрофон ұсынып, бүгінгі таңдағы жастардың саяси белсенділгі туралы сұраған едік.

-Қазір жастар белсенді деп айтуға әбден болады. Өйткені олар әр жерлерде ұйым құрып, түрлі партияларға мүше болып жатыр. Оларға шамалы еркіндік беру керек.

-Жастардың саяси өмірінен хабарым жоқ. Өзім саясатпен айналыспаймын.

-Білемін. Қазақстанда 180-ге жуық саяси ұйым бар емес пе? Бірақ солардың кейбірінің асып кетсе 3-4 қана мүшесі бар деп естимін. Оларды саяси қоғамдық ұйым деп санауға болмайтын шығар
XS
SM
MD
LG