Accessibility links

Үкімет әкімдерге пайызсыз несие беру жобасын қабылдады.


Қазақстанның индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбековтың мәліметіне сүйенсек, облыс әкімшіліктеріне республикалық бюджеттен пайызсыз несие беріледі. Өз кезегінде, олар тендер өткізіп құрылыс компанияларына тапсырыс береді. 3 жылға ескерілген бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 138 млрд. теңге бөлінеді.

Қазақстанның премьер-министрі Даниял Ахметов түсіндіріп өткендей, мемлекет қаржысы пәтердің шаршы метрінің құнын 350 доллардан асырмай салатын мердігерлерге ғана беріледі.

Әр облыста салынып жатқан тұрғын үйлердің санын 36 пайызға ұлғайту жоспарланған. Бірақ, Алматы Астана Ақтау қалаларында құрылыс материалдарына деген бағаның тұрақтанып қалуына орай, пәтерлердің шаршы метрі 450 доллардан сатылады,-дейді республиканың экономика министрі Қайрат Келімбетов. Қазақстан жұртшылыы өкілдерінің бұл мәселеге деген көзқарастары әр түрлі. Қазіргі саймандар қымбатқой, басқа жақтан әкеледі. Кісілердің тұрып жатқан жалақысына қарасаң, ол үйдің бір жарым бағасы шығаыд. 350 долларға кім алады оны қымбат. Салып жатқан ұйымдарға байланысыты өздері материалды қаншадан алып жатыр. Үкіметтің саып жатқан үйі емес қой ол. Астана қаласының тұтынушыларды қорғау қоғамының төрағасы Қабыкен Закарияновтың піукірінше, пәтер бағасының бұлайша арзандатылуы дер кезінде жасалған. 350 доллардан асырмай салатындарға ғана жер ақша бөлінеді дейді. Бұл нағыз дұрыс жұмыс деп ойлаймын. Ипотекалық несиелеу саласында қазір 9 банк және екі қаржы институттары жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның монополияға қарсы агенттігінің төрағасы Ораз Жандосовтың пікірінше, тұрғын үй саласын жетілідру бағдарламасында жеке меншік банктер туралы сөз қозғалмаған. Мәселен, тұрғын үй - құрылыс банкі біреу-ақ, оның өзі мемлекеттік мекеме. Бұл бәсекелестікті әділетсіз етеді,-дейді Ораз Жандосов.

Үкімет басшысы премьер-министрі Даниял Ахметовтың пікірінше, тура осы банк ұсынған талаптарды көтеретін болса, жеке меншік қаржы институттарын да құрылыс саласына қосуға болады.

Бағдарламада жазылған жоспарға сәйкес, Қазақстанда алдағы 3 жылда жалпы ауданы 12 млн. шаршы метрден асатын тұрғын үйлер салынады. Соның арқасында 45 мың жұмыс орынн ашу жоспарланған. Құрылыс материалдарын шығаратын комапинялардың өнімдеріне деген сұраныстың арқасында құрылыс саласына қатысы бар барлық кәсіпорындар дамиды,-деген жорамал бар. Нәтижесінде, жиналатын салық көлемі ұлғайып сала береді,-дейді бағдарлама авторлары. Енді 2 күннен кейін бағдарлама президент әкімшілігіне беріледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG