Accessibility links

Армениядағы оппозиционер жетекшілер, президент Роберт Кочарянға қарсы наразылық шерулерін тоқтатпаймыз, дейді.


Кеше сейсенбі күні кешке, Еревандағы президенттік сарай алдына жиналған 2 мыңдай шерушіні полиция күшпен таратқан кезде, ондаған адам жарақат алған. Оппозициядағы Әділет партиясының жетекшісі Демирчян бұл полицияның мықтап дайындалған әскери операциясы болды, деген. Ал İшкі істер министрлігінің өкілі Ширинян болса сейсенбі күнгі топалаңдар үшін оппозиция жағындағыларды айыптап отыр.

- Егер шерушілер заңсыз әрекеттерге барса, онда полиция тиісті жауабын береді, деп ескертілді. Бірақ бұзықтар көпке дейін қоғамға жат әрекеттерге барды. Полиция күштеріне қарсы шықты, - деген министрлік өкілі.

АҚШ мемлекеттік департаментінен Ричард Баучер Арменияда болып жатқан соңғы уақиғаларға орай, алаңдаушылық білдіріп, екі тарапты өзара мәмілеге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG