Accessibility links

Ресей 800дей өзінің және бұрыңғы советтік аймақ азаматтарын Ирақтан алып шығып кетпек.


Ол үшін бейсенбі және жұма күндері Кувейт пен Бағдад арасындағы жолаушы ұшағы 7 рет қатынамақ. Бұл жөніндегі хабар дүйсенбі күні 3 орыс және 5 украин азаматы кепілдік тұтқында болып азат етілгеннен кейін тарады. Ұрланған 3 адамының тағдыры беймәлім қалып отырғандықтан Жапония сыртқы істер министрлігі Ирақтағы 70 азаматын елге қайтару қажет деп есептейді. АҚШтық ресми мәліметке қарағанда, Ирақ бүлікшілдері 12 елдің 40 шақты азаматын тұтқында ұстап отыр екен.
XS
SM
MD
LG