Accessibility links

Ресей үкімет басының мәлімдемесі мұнай, газ саласына шетелдік инвестицияның құйылуына кедергі болмақ емес.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Өткен жұма күні Ресей үкімет басы Михаил Фрадков Ресей үкіметі мұнай мен газ құбырларын жекшелендірмейді деді. Немесе, жекеменшік құбырлар салуға рұқсат бермейді деді. Енді бұл мәлімдеменің астарында не жатыр?. Сарапшыларға сөз берелік. Лондонда орналасқан Әлемдік қуат орталығының маманы Джулиан Лии:

"Бұның сыртында не жатыр десек Ресей үкіметі Ресейдің мұнай индустриясын толық бақылауда ұстай алатынына сенімді екенін байқатқаны".

Өйткені, осынау мұнай, газ, металл тәрізді табиғи байлықты сатудан түскен пайда Ресейдің сыртқы саудадағы табысының 80 пайызын құрап отыр. Ресейдің соңғы жылдары экономикалық тұрғыдан шапшаң еңсе көтере бастауы осы шикізатты сатудың арқасында дейді аталмыш маман. Оның айтуынша бүгінгі таңда Ресей күн сайын 4,5 миллион баррел мұнайды құбыр арқылы экспорттайды. Теміржолы су жолы арқылы күн сайын 2 миллион баррел мұнай шығарады. Егер де Ресей жаңа құбырлар сала бастаса онда алдағы бір он жылда күн сайын 10 миллион тонна мұнай экспортауға мүмкінідігі бар дейді бұл Лондондық маман.

"Егер осы жыл аяғына шейін ондай шешім қабылданар болса онда Ресей Тынық мухитқа мұнай құбырын тартуы мүмкін", - дейді Джулиан Ли.

Өзге бір талдушы Лондонда орын тепкен "Нефтекомпас" газетінің бас редакторы Маикл Ритши болса, Ресей үкіметі мұнай-газ саласындағы қағидаларын қанша қатайтқанымен шетел инвесторлары бәрібір Ресейге ұмтыла бермек дейді. Неге? Оның себебі олардың Ресей мұнай компанияларынан алатын пайдасы әлемдегі өзге мұнай компанияларынан бәрібір артық дейді Маикл Ритши:

"Сіз шетелдік инвестрлардың арманы Ресейге қол жеткізу екенін ұмытпаңыз" Соның бір ғана мысалы Бритиш Петролиумның Тюменоилдың 50 пайыздық акциясын сатып алуы дейді талдаушы Ритши.
XS
SM
MD
LG