Accessibility links

Қазақстанда жаңа коммунистік партия құрылып жатыр.


Қазақстандағы коммунистік партияның ішінен шыққан жіктің ақыры аталған партияның екіге жарылуының күні алыс еместігін көрсетіп отыр. Соның көрінісіндей бір батыс қазақстан облысының өзінде көпшілігі бұрынғы коммунистік партияның қатарында болған 2000-нан аса азамат жаңа партияға өтуге өтініш беріпті. Алайда мұны қазіргі коммунистік партия басшылары биліктің жасап отырған ісі деп бағалайды.

Жаңа партияны құрушылардың бірі депутат Ерасыл Әбілқасымовтың айтуынша бүгінде оның қатарына 25 мыңнан аса адам тартылған. Құрылтай-съезі сәуір айының аяғында шақырылмақ көрінеді. Негізгі ұйымдастырушылық жұмыстары аяқталып қалды дейді Е.Әбілқасымов.

Қазіргі коммунистік партияның орталық комитетінің бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин партияның кезектен тыс пленумының шешімдерінен соң бізге қарсы әрекеттер тіптен күшейе түсті дейді. Онда коммунистер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен отставкаға кетсін деген болатын. Әрі ел президентінің жақындағы халыққа жолдауын коммунистер сол басқосуларында талқылап, сын тезіне алған еді.

Сондай-ақ коммунистер кезектен тыс президент сайлауы өтуі мүмкін деген болжам бойынша партия жетекшісі С.Әбділдиннің президенттікке үміткер ретінде дайындала беруін сұраған болатын. Мұның бәрі биліктің шамына тиген болуы керек дейді олар. Сондықтан да кеңес үкіметі кезінен келе жатқан коммунистік партияның заңды мұрагерлері өздерімен аттас жаңа партия құрылса еш таңқалмай тындықтарын айтады.
XS
SM
MD
LG