Accessibility links

ЦРУ: Контртерроризм саласында бітпеген жұмыс көп

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Сәрсенбі күні Вашингтонда ЦРУ немесе Орталық Барлау Агенттігінің директоры Ал Каида тәрізді лаңгестік ұйымдарға қарсы күресті жақсы жолға қою үшін әлі де 5 жыл мерзім керек деп мәлімдеді. Ал, бұл лаңкестік ұйымдар болса АҚШ на тағы да соққы беруді көздеп отырғаны белгілі.

Бүгіндері АҚШ ресмилері 11 қыркүйек оқиғасына орай құрылған тәуелсіз Комиссия алдында жауап беріп жатқаны аян. Комиссия неге құрылды десек, 3000 кісі ажалына алып келген Америкаға 2001 жылғы шабуылды Ақ Үй білді. Біле тұра тиісті сақтық шараларын қолданбады деген айыптаулар осы Комиссияның құрылуына себеп болғаны аян. Соныңмен сәрсенбі күні жауап беретін кезек ЦРУ директоры Джордж Тенетке де келіп жеткен болатын. ЦРУ директоры Комиссия алдында, рас, бізге Осама Бин Ладеннің Америкаға қарсы шабуыл ұйымдастырғалы жатқаны белгілі болғаны рас деді:

"Біздің бәріміз Бин Ладеннің елімізді соққалы жатқанын білдік, алайда біз осы мәліметтен кейін елді қорғаудың тиімді тәсілін қолға алмадық" деді ЦРУ директоры.



ЦРУ директоры Тенет Ауғанстанға орда тігіп әлемнің 60 еліне тараған Ал Каида ұйымының шабуылға дайындалып жатқаны жәйлі біз саяси басшылыққа айдай анық мәлімет бердік дейді. Алайда шабуылдың қандай түрі болатынын біз нақтылай алмадық дейді Тенет:

"Біз қастандықтың нақты түрін белгілей алмадық. Сөйтіп қателік жасадық" дейді ЦРУ директоры. Джордж Тенет мен ЦРУ ға басшылыққа келген жылы ЦРУ миллиардтаған қаражаттан қағылып штабы 25 пайызға қысқарғанын көлденең тартты. Оған қоса бізде отандық және шетелдік барлау мәліметтерін қорытып қимыл жасайтындай үкіметтік жүйе болмады деді ЦРУ жетекшісі. Тағы бір айта кететін дерек Джордж Тенет Клинтон кезінен бері ЦРУ ды басқарып келе жатқан тұлға. Яғни 7 жылдан бері осы барлау мекемесін басқарып келеді. Соныңмен сәрсенбі күні Тенетті ортаға алған тәуелсіз Комиссия ЦРУ жұмысын өткір сынға алды.
XS
SM
MD
LG