Accessibility links

Қырғыз полициясы, бүгін, абақтыда отырған оппозициядағы Ар-Намыс партиясының жетекшісі Феликс Құловты қолдап өткізген 30 шақты адамның жиынын күшпен таратты.


- Бізді полиция заңсыз ұстады, құжаттарымызды тексеріп босатып жіберді. Ал біздің мақсатымыз - абақтыда отырған Феликс Құловты көру ғана еді, - дейді Қырғызстан Демократиялық қозғалыс партиясының жетекшісі Черноморец.

Полиция Бішкектен Шудағы түрмеге бармақ болған 18 шерушіні тұтқындап, 40 шақты адамдың жолын кескен. Парламент мүшелері ара түскеннен соң 3 адам босатылған.
XS
SM
MD
LG