Accessibility links

Палестина сыртқы істер министрі Набил Шаас Британия бас министрі Тони Блэрді Вашингтонда жұма күні болғанда, Таяу шығыс мәселесінде АҚШтың ұсынып отырған ойына қарсы болуға үндеді.


Президент Буш Израиль үкімет басы Шарон мен кеше кездескенде, Израиль 1967-жылы басып алған палестин жерінің біраз бөлігін қайтармайтын болады деп келіскен.

Тони Блэр Ариел Шаронның ол жоспарын, сәрсенбі күні, Таяу шығыстағы бейбітшілік мәселесін шешердегі маңызды қадам деп бағалады. Бірақ Палестина бас министрі Ахмед Құрей бірден-ақ, Шаронның ол жоспарына түгелдей қарсы екендігін білдірді.

- Біз палестиндықтар ол жоспармен келіспейміз. Біз тек қана халықаралық заң негізіндегі шешімге, БҰҰның қауіпсіздік кеңесінің шешіміне , Жол қартасына орай жұмыс жасаймыз, - деген Палестина үкімет басы.

Сондай-ақ, Палестина елбасы Ясер Арафат, бүгін, Палестиналықтар өз тәуелсіздігі үшін күресті ешқашан тоқтатпайды, олардың Израиль басып алған өз ата қоныстарына қайта оралу құқы бар, деген. БҰҰның бас хатшысы Кофи Аннан да АҚШ президентінің пікіріне қарсы екендігін білдіріп, оны сынады. Кофи Аннан Таяу шығыстағы бейбітшілік мәселесін Қауіпсіздік кеңесі қарары негізінде тек қана ол екі елдің өзі шешуі тиіс, деген.

Ал бұл арада, бүгін бейсенбіде, Израиль тікұшағы Газадағы босқындар лагеріне шабуыл кезінде атылған зымыраннан кемінде 15 палестиндық жараланған. Израиль, танктер және бұлдозерлердің көмегімен, Палестинаға Мысырдан қарулар келуі мүмкін делінген туннел жолдарын іздестіруде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG