Accessibility links

Қазақстанның Демократиялық Халық Партиясы қатарына мүшелікке өтуге 83 мың адам арыз өтініш берген


Бұл туралы көкектің 16 сы күні Қазақстанның Демократиялық Халықтық Партиясының саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметов мәлімдеді. ҚДТХ партиясының өткізген бұл жиынына Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен Алматыдағы ОБСЕ орталығының өкілдері қатысты. Жиынды ашып сөз сөйлеген ҚДТХ Партиясының саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметов осы партияға мүшелікке өтуге өз арыз өтініштерін берген 83 мың адамның 71 мыңының құжат қағаздары, арыз өтініштері бүгінгі күні толық тексеруден өткендігін енді қалғанын алдағы бір екі күнде аяқтап болып, сонсоң барлық құжат қағаздарды көкектің 19 ы күні Астанада Әділет министрлігіне апарып өткізіп партияны тіркеуден өтуге тапсыратындығын мәлімдеді.

Жиынға қатысушы Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан келген партияның бөлімше басшылары өздері тұратын жерлердегі осы партияға ілесемін деуші адамдарға қарсы жасалып жатқан түрлі қысымдар мен кедергі бөгеттер туралы әңгімеледі. ҚДТХПартиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің бастығы Жеңіс Досжановтың айтуынша облыс көлемінде АҚ Жол, Асар және Коммунистердің жаңа партиясы арасында адамдарды өз партияларына алу үшінгі күрес күшті жүрілуде. Ол облыс бойынша ҚДТХ Паптиясы қатарына 5 мыңдай адам өз арыз өтініштерін бергендігін айтты ҚДТХ партиясының саяси кеңесінің мүшесі Бақыт Түменованың айтуынша осы екі ай ішінде партияның басшылары, белсенділері қыруар жұмыс тындырды, ендігі сөз Әділет министрлігінде болмақ.

Алайда Қазақстандағы кейбір саяси партиялардың жетекшілері ҚДТХ партиясының Әділет министрлігінен тіркелетіндігіне күманмен қарайды. Республикалық Халық Партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов партияның Әділет министрлігінен тіркелетіндігіне сенбесе ал Ақ Жол демократиялық Папртиясының тең төрағасы Алтынбек Сарсенбаев бұның бәрі жоғарыдағы билікке байланысты, билік тіркелсін десе партия тіркеледі ал тіркелмесін десе жүз мың мүше жинаса да ешқашан тіркелмейді деген пікір айтады.
XS
SM
MD
LG