Жапония мен Аустралия Испанияны өзінің Ирақтағы халықаралық міндеттерін орындаудан бас тартпауға шақыруда. Кеше Испанияның жаңа премьер-министрі Хосе Луис Сапатеро испан әскері Ирақтан дереу шығарылады деп мәлімдеді. Аустралияның премьер-министрі Джон Хоуард: “Мен Испанияның шешіміне қатты өкініш білдіремін. Испанияның шешімі Ирақтың егеменді де демократиялық елге айналуын қаламайтындарды қуанышқа бөлейді”, -деп атап өкініш сезімін білдірді.
Жапония мен Аустралия Испанияны өзінің Ирақтағы халықаралық міндеттерін орындаудан бас тартпауға шақыруда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Лука Анческимен сұхбат
"Билік басындағы адам ғана өзгерді, режим қаз-қалпында". Тоқаевтың биліктегі бес жылы