Accessibility links

Үш аптаның ішінде, 5 сатыдан тұратын сайлауда, дауыс беру құқы бар 670 млн. Үндістан халқы парламенттің 545 депутатын сайлайды.


Бүгін Үндістанда кезекті парламент сайлауы басталды. Үш аптаның ішінде, 5 сатыдан тұратын сайлауда, дауыс беру құқы бар 670 млн. үнді халқы парламенттің 545 депутатын сайлайды. Бүгін елдің 16 штаты мен өлкесінде дауыс берілуде және қауіпсіздікті 400 мың әскер күзетуде. Қоғамдық сауалнамаға сәйкес, елдегі экономикалық ахуалдың оңалуы мен Пәкістанмен арадағы қатынастың жылуы арқасында Атал Ваджпаидың коалициялық үкіметі билікте тағы 5 жылға қалатын тәрізді.
XS
SM
MD
LG