Accessibility links

Ирақтың АҚШ әскері қоршап тұрған Әл-Фаллуджа қаласында, коалициялық күштер мен жергілікті көсемдердің өзара уәжге келуінің арқасында, бүгін ахуал негізінен бірқалыпты.


Ирақтың АҚШ әскері қоршап тұрған Әл-Фаллуджа қаласында, коалициялық күштер мен жергілікті көсемдердің өзара уәжге келуінің арқасында, бүгін ахуал негізінен бірқалыпты. Соңғы хабарға сәйкес, қалада тыныштық орнаған соң, босқындардың санаулы тобы кейін орала бастаған. Тағы ақпарға қарағанда, бүгін таңертең ерте АҚШ-тың теңіз жаяу әскерінің күзетіне тасадан шабуыл жасалды. Ирақ полициясының өкілі:

“Отбасылдардың қалаға оралуын қамтамасыз ету үшін полицейлер қалаға кірмек. Менің ойымша, 2 отбасына қалаға қайтуына рұқсат етілді. Келіссөз жалғасуда және босқындардың қалаға оралуына еш кедергі жоқ”, -деп мәлімдеді
XS
SM
MD
LG