Accessibility links

Барлау туралы жаңа кітап ЦРУ директорының пікірлеріне қайшы келіп отыр

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Ирақта дүниені шулатқан жойқын қарудың жоқ болып шығуы жұрт назарын АҚШ ның Орталық Барлау Агенттігінің жұмысының сапасына аударды. Осы Агенттік директоры Джордж Тенет болса, президент Буштың Ираққа қарсы соғыс жариялауы нақты ақпаратқа негізделген еді дейді. Алайда АҚШ ның барлау қызметі туралы жаңадан шыққан кітап, Тенет нақты деп тапқан деректердің өзіне Буштың сенімсіздікпен қарағанын жазады.

Ираққа қарсы АҚШ ның соғыс ашуына негіз болған бір үлкен мәселе Ирақ жойқын қаруы болса, ол қарудың Ирақта табылмағаны белгілі. Ендеше бұл кімнің қателігі деген сауал туындайды. Ол сауал жұрт назарын ЦРУ-ға , яғни АҚШ Орталық Барлау Агенттігіне және осы Агенттік директоры Джордж Тенетке аударды. Джордж Тенет болса осыдан екі ай бұрын бұл сауалдарға халық алдында жауап беруге тырысты. Алайда, Тенет біз яғни ЦРУ ешқашанда Саддам Хұсейнді әлемге не болмаса АҚШ на тікелей қатер төндіріп отыр деп ешкімге мағлұмат бергеніміз жоқ деді.

"Біздікі дұрыс болды ма, әлде бұрыс болды ма? Барлау мәселесінде сіздікі толық бұрыс, не толық дұрыс деуге ешқашан да болмайды" дейді Тенет.

Алайда, жаңадан шыққан кітабында "Вашингтон Пост" газетінің жүрналисті Боб Вудвард Ираққа қарсы соғыс алдында Джордж Тенет екі рет президент Бушпен кездесуінде Ирақта жойқын қарудың бар екенін дәлелдеп бақты деп жазады. Осы арада бір еске салып кететін жәйт журналист Боб Вудвард кім десек ол кезінде бір мақаласымен АҚШ президенті Ричард Никсонның биліктен кетуіне түрткі болған қаламгер.

Енді мінеки сол әйгілі журналист жаңадан шыққан "Шабуыл жоспары" атты кітабында Ираққа қарсы соғыс басталмастан 3 ай бұрын ЦРУ директоры Джордж Тенет пен оның орынбасары Джон Маглафлин президент Бушқа Ираққа қарсы соғысты ашуға заңдық негіз болатын дерек берді деп жазады. Кітапта көрсетілгендей ЦРУ директорының орынбасары президенттің алдында фотосуреттерді жәйіп салып Ирақта жойқын қарудың бар екенін дәлелдеп баққан. Алайда, президент Буш оған сенімсіздік танытқан. Содан кейін ЦРУ директорының өзі яғни Тенеттің өзі президент Бушқа барып Ирақта жойқын қарудың бар екенін дәлелдеп баққан. Бұ жәйлі президент Буш кітап ауторы журналист Боб Вудвардпен жеке кездесуінде яғни 3 жарым сағаттық жеке интервиюінде мәлімдеген. Соныңмен, бұ жерде ЦРУ директоры Тенет екі сөйлеген болып шығып отыр. Бірінде ол Ирақта жойқын қарудың бар екенін дәлелдеген адам болса, екіншісінде ондай қару табылмағаннан кейін өзінің барлау мекемесін қорғап шыққан адам болып отыр. Енді ЦРУ директорының бұл шалалығы жәйлі зейнеттегі генерал Эдвард Аткинсонның пікірі:

"Бұл кәсіби профессионал маманның тірлігі емес. Егер мен президент болсам оған былай деп едім. "Бар! Мекемеңе бар да қашан дайын болған кезіңде маған кәсіби профессионалдық баяндама алып кел!" деген болар едім"

дейді зейнеттегі генерал Аткинсон. Ал, журналист Боб Вудвардтың кітабына қатысты генерал Аткинсон , кітапта аталмыш дауға қатысты 75 ресми кісі пікірі берілгендіктен де бұл кітап шатақ кітап дейді. Кітаптағы жалғыз ғана интервью президент Буштың өзі берген интервию ғана оның пайдасына шешілген пікір дейді маман.
XS
SM
MD
LG