Accessibility links

Ресей коррупциямен күрес мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің жалақасын көтерді.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Ресей президенті Владимир Путин елдегі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ұйымдасқан қылмысты ауыздықтау үшін мемлекеттік шенеуніктердің жалақысын көтеретін жарлыққа қол қойды.

Яғни, министрлерден бастап Ресейдің 35 мыңға тарта орта деңгейдегі шенеуніктер армиясының жалақысы көтеріліп жырғап қалды. Путин өзін де ұмытқан жоқ. Өзінің жалақысын екі есе көбейтіп 5000 долларлық деңгейге жеткізді. Ресей Үкімет басының жалақысы енді шамамен 4000 доллар болды. Министрлердің айлығы 3000 долларға жетті.

35 мыңдық шенеуніктер армиясының жалақысы шашамен айына 500 долларға дейін көтерілді. Ресей Үкімет басының орынбасары Александр Жуковтың айтуынша негізінен айлықтың көтеріліуі штаб қысқарту есебінен жүзеге асырылмақ. Енді бұл шара туралы талдаушылар не дейді? Мәскеудегі ЮБС инвестициялық банктің экономисі Ал Брич:

"Меніңше бұл жақсы қадам.Бұл ресми кісілердің жалақысын өзге елдермен немесе Мәскеудегі жекеменшік кәсіппен салыстырғанда ұялмастай етті," - дейді маман.

Үкімет адамдарының жалақысының биік болуы әлемде бар тәжрибе. Мысалы, Сингапур үкімет басының жылдық жалақысы 600 мың доллар. Жапония үкімет басының жылдық табысы 300 мың доллар. Бірақ, Жапонияның қаржы министрінің жылдық табысы одан да көп яғни жылына 400 мың доллар. Осы мысалдарға кереғар мысалдарды да алдыңызға көлденең тартуға болады. Мысалы, Тәжікістанда мен деген министр айына 20 доллар жалақы алады. Мұнайға бай Қазақстанда , министрлер ғана емес олардан төмен дәрежедегі шенеуніктердің өзі айына 800 доллардай айлық алатын дәрежеге жетті.

Бұл жағдаят яғни қомақты жалақы шенеуніктердің кең жемсауына тығын бола ала ма? Барға қанағат дегізе ме? Парадан бас тарта ма? О жағын айту қиын. Мамандар не дейді? Халықаралық транспаренси ұйымының Лондондық маманы Лауренс Кокборн бұндай мемлекеттік жүйе дегеніңіз де ұйымдасқан рекеттің бір түрі деп біледі:

"Ұйымдасқан рекеттің бір түрі. Мысалы полиция халықтан ақша алады. Оны өзінен жоғары тұрған бастығына береді. Бастығы өзінен жоғары тұрғандарға тасиды," - дейді маман.
XS
SM
MD
LG