Accessibility links

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қылмыс жасаған деген күдік тағылған, ұлты шешен Ресей азаматын елден шығарды


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ресей азаматы Рамзан Кушаговты сол елдің құқық қорғау органдары өкілдерінің қолына тапсырды. Қазақстандық полицияның арнайы отрядының сарбаздары ұлты шешен ресейлік азаматты Ресейдің қылмыскерлерді тасымалдайтын арнайы ұшағына отырғызған. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің кеңесшісі Мұхтар Анарбекұлының айтуына қарағанда, 40 жастағы Рамзан Кушаговқа Ресей федерациясының қылмысты кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр.

Біріншісі, заңсыз әскери құрылымның қатарында болды деген, екіншісі бап адам ұрлау, келесі бап қарақшылық. Осы қылмыстарға ол күдікті ретінде қарастырылып отыр.

Кушаговты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 2003 жылдың қырқүйек айында тұтқындаған болатын. Тінту барысында кәсіпкерден «Макаров» тапаншасының оқтары мен бірнеше қазақстандық және ресейлік төлқұжаттар табылған. Құжаттардағы есімдер де әр түрлі. Осыған орай қозғалған қылмысты іс материалдары үстіміздегі жылдың ақпан айында Ресей жағына жіберілген болатын. Ресейдің федералды тергеу бюросының Қазақстандағы ресми өкілі генерал-майор Гумяр Мусикаевтің мәліметіне сүйенсек, Рамзан Кушагов Шешенстандағы бірінші әскери қимылдар кезінде тергеу бюросыныңың назарына іліккен. Ресейліктер ол кезде Кушаговты федералдық іздеуге берген. Бертін келе, ол халықарлық іздеуге берілген. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне көзге түспес бұрын, жасанды төл құжатпен Қазақстанда тұрақтаған ол, Астанаға Ресейден құрылыс материалдарын әкеліп, сатумен айналысып келген. Осылайша, ол, Ресей мен Астана аралығында құрылыс материалдарын 2 жарым жыл бойы тасыған, -деген болжам бар. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұсынған мәліметке сай, Кушагов Ресейлік құқық қорғау органдарына экстремистік әрекеттер мен халықаралық лаңкестік акцияларына қарсы бағытталған бағдарлама талаптарына сай өткізіліп отыр. Жалпы, өткен жылдан бері Ресейдің федералды тергеу бюросы Қазақстанға бірнеше рет келген екен.

Бұл шет ел азаматын экстрадициялаудың бесінші жағдайы. Былтырғы жылдан есептегенде. Сарапшылардың пікірінше, территориясының көлемі бойынша әлемде 9 орында тұрған Қазақстанның шекарасын толық қадағалау мүмкін емес. Оның үстіне, соңғы кезде республиканың экономикалық жағдайы түзеле бастаған,-дейді Қазақстанның Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің басқарма бастығы Аслан Қаржауов. Осыдан келіп миграция көрсеткіштері өсе түскен.

Әсіресе Түркменстан, Өзбекстаннан келем деушілер көбейген. Олардың экономикалық жағдайы өте төмен. Содан кейін Қытайдан аз келуші еді. Қазір онда бір коммерциялық құрылым ашқан. Рұқсат алуға ақшасын төлесе болғаны, шыға береді бері қарац. Қазақстанның Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің басқарма бастығы Аслан Қаржауовтың мәліметінше, Орта Азия елдеріндегі экономикалық қиындықтарға орай, Қазақстанға келген адамдардың сыртында, тәуелсіз мемлекеттер достастығы территориясындағы экономикалық жағдайы өрлеп келе жатқан Ресейліктердің ішінде де Қазақстанға келем дейтіндер көбейген.

Соңғы жылдары, Ресейден келем деушілер көбейген. Былтыр, Қазақстанға 60 мың адам келсе, олардың 15 мыңы Ресейден.

Қазақстанға енген шет ел азаматтары республика заңдары бойынша, тұрақты мекен жайына тіркелуге, немесе Қазақстан азаматтығын алуға тиіс. Осы құжаттарды жасау барысында, елге енген шет елдіктер әр түрлі тексеруден өтеді. Егер, шет елде іздеуде жүрген қылмыс жасаған деген күдігі бар адамдар болса, олар Минск конвенциясының талаптарына сай, қылмыс жасаған еліне жіберілуге тиіс.

Ал Көші-қон және демография жөніндегі республикалық агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанға тұрақтаған босқындар саны 700-ге жуықтаған. Олардың көбі ауғанстандықтар көрінеді.
XS
SM
MD
LG