Accessibility links

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жоба Ата заңға сай келмеді

  • Гүлмира ХАМЗА

Көкектің 22 күні Алматыда үшінші Еуразиялық МедиаФорум басталды. Онда алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданбайды, деген мәлімдеме жасады. Оның себебін Қазақстан президенті бұл заң жобаның Конституцияға сай келмеуімен түсіндірді.

Үшінші Еуразиялық МедиаФорумға ұйымдастырушылардың пайымдауынша, әлемнің 50-ден астам мемлекетінен келген журналистер мен сарапшлар, саясаткерлер мен талдыушылар қатысып жатыр. Бұл басқосуға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қеліп, бірінші болып сөз сөйледі. Құттықтау сөздерден кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесін орыс тілінде жалғастырды, сүйтіп «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобаға тоқталып кетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті

-Кеше шетелдік іс сапардан оралғанымда Конституциялық кеңестің «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның жекелеген ережелері Ата заңға сай келмейді, деген шешімін алдым. Заң бойынша мен мемлекет жетекшісі ретінде Конституциялық кеңестің шешіміне вето коюға құқым бар, бірақ мен жағдайдың құқық аясында шешілгенін қалап, қоғам мен журналисттердің пікірін ескере отырып, Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоймауды ұйғардым.

Қазақстан президентінің мұндай шешімін республиканың Ақпарат министрі Сауытбек Абдрахманов қолдайтынын жеткізді.

Сауытбек Абдрахманов, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрі:

-Барлық мемлекетте, барлық үкіметте үкімет мүшесі келісетіндігін айтады. Біз құқықтық мемлекет құрамыз десек - заңды өзіміз құрметтеп, орындауымыз керек. Конституциялық кеңес –мемлекеттің тәуелсіз органы, сол себептен біз оның шешімін құрметтейміз.

Ал Қазақстан парламентінің мәжіліс спикері Жармахан Тұяқпай қазір пайдаланып жүрген заңда да, Конституциялық кеңесте қолдау тапаған заң жобада да мемлекетте бар мәселені шеше алмай отыр деген пікірде.

Жармахан Тұяқпай, Қазақстан парламентінің Мәжіліс спикері:

-Бұқаралық ақпарат құралдарының демонополизациясын жасау –ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Сол себептен біз осы мәселені шешу керек.

Еуразиялық МедиаФорумға қайта оралсақ, форумның ашылу салтанатына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ян Кубиш, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа, ЕурАзиялық Экономикалық Қауымдастықтың бас хатшысы Григорий Рапота, Арменияның бұрынғы үкімет басшысы Армен Саркисян, Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қатысуда.Үш күн барысында олар сайлау науқаны кезіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының орны, геополитика мәселесі, журналисттердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі, деген тақырыптар төңірігінде сөз қозғайды, деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG