Accessibility links

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Федотов тың бүгін айтуынша, БҰҰның Кипрдегі қауіпсіздік маселелеріне орай жаңа шешіміне Ресейдің қарсы болуы техникалық шара.


Ал егер апта соңындағы референдум кезінде бөлінген арал БҰҰ қайта қосылу жоспарына дауыс берсе онда Ресей ол шешім жағында болмақ.

Ресейдің БҰҰдағы елші орынбасары Гатилов Ресейдің кешегі жариялаған ветосы жөнінде былай деген.

- Ресей делегациясы БҰҰ жазған және Қауіпсіздік кеңесі бүгін дауыс беруге қойған ол резолюция жобасына орай өкініш білдіреді, - дейді ресейлік елші орынбасары.Ал БҰҰ бас хатшысы Қауіпсіздік кеңесінен бейбітшілік сақтау жөніндегі ол шешімді қабылдауға үндеген.

Ал Грек киприоттарының ең үлкен саяси партиясы БҰҰ Кипрді қайта біріктіру жоспары жобасына қарсы болып отыр екен.
XS
SM
MD
LG