Accessibility links

Депутат әділет министріне сауал жолдады


«Құрылғалы жатқан Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы мемлекеттік тіркеуден өту үшін барлық құжаттарды Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетіне тапсырғаннан кейін аталған комитеттің және облыс, қалалардағы әділет органдары өкілдері әкімдік және полиция қызметкерлерімен бірге партияға мүше болуға өтініш жазғандардың бұндай шешімге келу себебін сұрауда. Ал, сенімді жауаптар алғаннан кейін мемлекеттік органдардың өкілдері олардың партияға мүше болудан бас тартуларына үгіттеуде. Аталған жәйт «Саяси партиялар туралы» заңның баптарына сәйкес пе?» дейді көкектің 22-і күні Парламент Сенатының депутаты Зәуреш Батталова, Әділет министрі Оңалсын Жұмабековке жолдаған сауалында.

Ал, Көкектің 22-і күні «Қазақпарат» агенттігі Атырау облыстық прокуратурасы «Қазақстанның демокаратиялық таңдауы» партиясы мүшелерінің тізімін жасау барысында бұрмалаушылықтардың орын алғандығы туралы мәлімдеме жасағаны жайында ақпарат таратты. Осы мәселеге орай Атырау облыстық прокуратурасына хабарласқанымызда, облыс прокурорының көмекші Әлия Бозбанова аталған облыста партияларды тіркеуге қажетті қолтаңбаларды жинау барысында прокуратура органдарына азаматтардан ерік білдіру құқықтарының бұрмалағаны жөнінде арыз түсе бастағанынан айтты.

«Тексеруде анықталғандай, Дашин ауылы окургының 60 тұрығыны, Нұржан ауылы округының 19 тұрғыны Қазақстан Республикасы Мәжілісінң депутаттары Оңғарсынова мен Елубаевқа және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партияға еріксіз тізімге енгізілгені жөнінде жолдама жіберген.

Тексерумен анықталғандай, Құрманғазы және Исатай аудандарының 124 тұрғындары «Қазақстан демократиялық таңдауы» халықтық партиясы мүшесіне енгізілгені туралы өздері де білмеген. Басқа сөзбен айтқанда бұл адамдарды алдап, азамат жөнінде мәліметті алғаннан кейін партия мүшесі тізіміне кіргізген», дейді Атырау облысы прокурорының көмекші Әлия Бозбанова.

Бұл мәселенің мәнісін Сенат депутаты Зәуреш Батталовадан сұрағанымызда, ол биліктің істеп жатқан әрекеттері деп жауап берді.

Құрылғалы жатқан «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясының Ақтөбе қаласындағы саяси кеңесінің мүшесі Айгүл Боқаева телефон арқылы берген сұхбатында өз басынан өткен мына жайтты мәлім етті.

«Мен пойыздан насихат материалдар мен газеттерді күтіп алып, теміржол вокзалы аумағынан шыққанымда, сол жүк үшін қайтадан ақы төлеуге мәжбүр етті. Жүктер маған әртүрлі жолаушылар арқылы жетті. Жолаушылардың жүкті алуларына қарағанда салмағы сәйкес болды. Мені өлшеуіші бар тордың ішіне кіргізіп, жүкті өлшеді. Одан соң басқа жерде төлейсіз деп, жүкті алғылары келді. Осы жерде төлейін дегеніме келіспеді. Мен шықпадым, себебі насихат материалдары бар үш сөмке өте маңызды болатын. Содан соң олар мені тордың ішінде қалдырып, жауып кетті. Жарты сағат отырдым. Менде есірткі емес екенін дәлелдеу үшін парақшаларды тарата бастадым. Жергілікті темір жол қызметкерлері мені заңсыз қамап қойды деп газеттерге телефон соғуыма тура келді. Сол кезде олар есікті ашып жүкке төлеммен есептесіп чек берді Олар маған 3 мың теңге айыппұл салды. Олай істеуге құқықтары жоқ еді» дейді Айгүл Боқаева.

Ақтөбе облысынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Әбішев, Айгүл Боқаевадн түскен өтініш хат бойынша бұл мәселеге орай Қазақстанның Бас прокуратурасына сауал жолданғанын айтады.
XS
SM
MD
LG