Accessibility links

Украина және Ресей президенттері Леонид Кучма мен Владимир Путин бүгін Ялта қаласында кездесті.


Президент Путинның өкілі Громовтың ИТАР- ТАСС агенттігіне айтуынша, екі елбасы елдер арасындағы шегара белгілеуі құжаттық келісіміне қол қойған. Сондай-ақ, президенттер Азов теңізі мен Керч бұғазынан өзара келісіп пайдалану құқығын беретін шартқа қол қойған. Ресей президенті қол жеткен келісімді екі елге де өзара тиімді құжат болды деп, - Ресей Украина мен шегара жөніндегі құжатқа қол қойып, аса маңызды да игі қадам жасады. Бұл арқылы біз даму жолында кездесетін кедергілерді жойып отырмыз. Бірақ бұл бөліну емес, керісінше өзара жақындасу, - деген президент Путин.
XS
SM
MD
LG