Accessibility links

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Ресей астанасында кездесті.


Ресей сыртқы істер министрлігі өкілі Яковенконың айтуынша, министрлер халықаралық лаңкестікпен күрес мәселесін талқылауда. Бұл Өзбекстандағы наурыз-сәуір шабуылдарынан өте маңызды мәселенің біріне айналып отыр дейді өкіл. Өзбек үкіметінің айтуынша, исламшыл әсірешілдер ол кезде қаза тапқан 47 адамның өліміне жауапты. Мәскеу бас қосуында министрлер Шанхай ұйымына жаңа мүшелер қабыл қылу тетігін талқыламақ. Мысалы алдағы маусымда Ауғанстан мен Монғолия Тәшкент жиынына өз бақылаушыларын жібермек. Әзірше бұл Шанхай ұйымына Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мүше.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG