Accessibility links

Қытайдағы Даңдоң қаласынан хабарланғанындай, кеше бейсенбіде солтүстік Корей елінде болған екі пойыз соқтығысынан кемінде 55 адам қаза тауып, 1200дей кісі жарақат алған.


Ол елдегі Ресей елшілігінен тараған хабарға қарағанда, Солтүстік Корея әкімшілігі бұл апат жағдайын мойындаған, бірақ ол апаттың бір қатар жай-жапсары анықталуда. Ал Халықаралық Қызыл крест ұйымынан Джон Спарроудің айтуынша, Солтүстік Корея бұл ұйымнан көмек сұраған. Спарроудің мәліметіне қарағанда, апат болған маңайда 1900дей үй және 12 қоғамдық ғимарат қираған. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның Йонхап агенттігі, қытайлық күалардың айтқаны негізінде, хабарлағанындай, 550 метрдей аумақтағы теміржол вокзалы, мектеп және үйлер қираған. Пойыздар кендерде қолданатын жарылғыш, қопарғыш заттар алып бара жатқан екен.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG