Accessibility links

Көкектің 26 күні Ақтөбе облысының соты «Диапазон» газетінің құрылтайшысы Владимир Михайловты босату туралы шешім шығарды. Владимир Михайловтың апелляциялық шағымын қарастыра отырып сот төрешілері, айыпталушының кінәсі толығымен дәлелденсе де, оның айыбын жеңілдететін жәйттарды және оның жұмыс орнынан алынған мінездемесін ескере отырып, Владимир Михайловтың шағымын қанағаттандыруға болады деген.

Ақтөбелік “Диапазон» газетінің құрылтайшысы Владимир Михайлов көкектің 26 күні түстен кейін абақтыдан шықты. Алғашында Ақтөбе облысының соты Владимир Михайлов 180 сағат бойы қоғамдық жұмыс істейді, деп шешкен, алайда Владимир Михайлов абақтыда наурыздың 16 бері отырғандықтан, оны босатуға болады деп ұйғарған.

«Диапазон» газетінің редакторы Марина Васильеваның пайымдауынша, бұл істе Владимир Михайловтың мүлдем кінәсі жоқ, ал сот төрешілері Владимир Михайловты кінәлі деп айыптап отыр. Сол себептен біз Владимир Михайловты қорғап алу үшін жоғарыда тұрған қадағалаушы органдарға, Республиканың жоғарғы сотына шағымнадамыз,- дейді Марина Васильева.

«Диапазон» газетінің бұл ісіне «Әділ сөз» қоры колдау көрсетуге дайын.

Ғалия Әженова, «Әділ сөз» қорының қызметкері:

-

Біз кел-келген уақытта журналисттерге көмектесуге дайынбыз. Себебі журналисттер халықтың, қоғамның мүддесі үшін күресіп жүреді, олардың бұл ісін биліктегілер түсінбейді, халықта айтарлықтай қолдау көрсетпеуі ықтимал. Сонымен қатар, қазіргі кезде журналисттердің мүддесін қорғайтын ұйымдар өте аз, осы жағдайды ескере отырып, біз қолымыздан келгенше оларға көмектесуге дайынбыз.

Қалай болғанымен, «Диапазон» газетінің редакторы Марина Васильеваның ойынша, қоғамда бұл туралы мәселе көтерілмегенде Ақтөбе облысының соты Владимир Михайловты бостандыққа шығармас еді. Бұл ойды тәуелсіз журналист Ермұрат Бапида қолдап отыр.

Ермұрат Бапи,тәуелсіз журналист:

-

Менің пікірімше, Владимир Михайлов газеттің саяси бағыты үшін сотталды. Олай болмаған жағдайда Владимир Михайловты ғимаратты 70 см. жылжытпадың деп айыптамайтын еді. Енді бұл газет төңірегінде шу көтерілгеннен кейін, газетті қорғаймыз деген қоғамдық комитет мәселе көтермегеніне байланысты жергілікті билік Владимир Михайловты бостандыққа жебіріп отыр. Егер Владимир Михайлов шын мәнінде кінәлі болса, онда оны шығармай қояр еді.

Көкектің 19 күні Владимир Михайлов Ақтөбе облысының соты оның апелляциялық шағымы бойынша, отырысты кейінге қалдырғанына байластысты аштық жариялаған болатын. Сол себептен Владимир Михайловтың денсаулығы нашар болып отыр, дейді- оның жақтаушылары.
XS
SM
MD
LG