Accessibility links

Шанхайда осы аптада болатын БҰҰйымының бас қосуында Азия мемлекеттері маңызды келісімге қол қоймақ.


Сонымен, осы аптада Шанхайда өтетін алқалы жиын кезінде, бүкіл Азия елдері Азия құрылығындағы барлық мемлекеттерді күре жолдармен 140 мың шақырымдық қашықтықпен өзара байланыстыру мақсатында жасалған келісімге қол қоймақ.

Күншығыс аймағындағы Жапониядан басталатын ол жол 32 мемлекетті басып өтіп, Финляндия мен Түркияға дейін жетпек. БҰҰның Азия мен Тынық мухиты елдері бойынша экономикалық, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясы бұл аса маңызды шара үшін Шанхай қаласындағы өз жиынын бастады. Бұл келісімге қол қоймақ топ арасында бұрыңғы советтік аймақтан, Түрікменстаннан басқа республикалардың бәрі бар.

БҰҰы комиссиясынан келісім жобасы бойынша жұмыс істеп жатқан өкіл Джон Мун Шанхайдан Азаттық радиосы үшін арнайы былай дейді.

- Бұл келісім сол жол бойындағы елдердің ризашылық қалауымен жүзеге асар. Мұның арасында шегара өтпеліндегі ортақ бағыттар да бар. Осынау жолдар жүйесін анықтау мақсатында біз бір қатар өлшемнен пайдаланамыз. Мысалы, астаналар, өндірістік және ауыл шаруашылық аймақтарымен өзара байланыс тармақтары қамтылады. Сондай-ақ, теңіз айлақтары, түристік-саяхат орындары мен байланыстар тағы бар, - дейді комиссия мүшесі.

Мәліметтерге қарағанда, ол жол жүйесінің 17 пайызы қайтадан салынбақ. Мунның айтуынша, бұл жобадан әсіресе теңізге тікелей шыға алмайтын елдер көбірек ұтымды пайдаланады. Ол елдердегі жол шығыны кемейіп, теңіз айлақтарына жедел жету мүмкіндігі көбейеді, дейді Джон Мун.

Бұл жағдайға орай, Қазақстан көлік министрлігінен сарапшы Бөріжан Нұрмухамедов былай дейді.

- Қазақстаннан мұхитқа немесе теңізге шығатын жол жоқ қой. Соған байланысты Қазақстан территориясынан транзиттік аумақ ретінде пайдалану өте тиімді. Сол мәселені шешетін қандай бағдарлама болса да оны қолдау керек деп есептеймін.

Ал қырғызстандық парламент мүшесі Марат Сұлтанов Бүкіл Азия жолы жобасының, транзитті ел ретінде, Қырғызстанға да саяси деңгейдегі мәні зор болмақ дейді.

Сондай-ақ, бұрыңғы советтік аймақ бойынша Женевада орналасқан зерттеу орталығының қызметкері Хуман Пейманидің айтуынша, Орталық Азия елдеріндегі оқшаулануды жоя алатын кез-келген жоба тиімді болмақ. Даму жолына түскен Қытай мен Ресей халықаралық базарға жылдам жету үшін Орта Азияны транзиттік аймақ ретінде пайдалануға өте мүдделі, - дейді Пеймани. Дегенмен, сарапшының айтуынша, бұл жобаның іске асу жолында кедергілер де аз емес. - Оған бір себеп, Орта Азиялық елдерде бұл инфрақұрылым үшін қажетті қаржы жеткілікті емес. Өзге елдерден жәрдем болмаса Орта Азиялықтар өз күштерімен ол шараны жүзеге асыра алмас, - дейді Пеймани.

Бүкіл Азия күре жолы жобасы алғаш, осыдан 45 жыл бұрын, 1959-жылы талқыланып, ол кезде басталған Қырғи қабақ соғысы кесірінен тоқтап қалған болатын. Міне енді, Совет одағы құлағаннан кейін бұл Жобаға жаңа мүмкіндік туып отыр дейді, сарапшы.
XS
SM
MD
LG