Accessibility links

Баспасөзге шолу. 04-27-2004


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптадағы шет елге жасаған іс-сапары, Мемлекет басшысының үшінші еуразиялық медиа-форумда “Конституциялық кеңес - бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң - Ата заңға қайшы келеді” деп шешім шығарды деп мәлімдеуі, сейсенбі күнгі жарық көрген газеттер мен апталық басылымдардың негізгі тақырыбына айналыпты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптадағы шет елге жасаған іс-сапары, Мемлекет басшысының үшінші еуразиялық медиа-форумда “Конституциялық кеңес - бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң - Ата заңға қайшы келеді” деп шешім шығарды деп мәлімдеуі, сейсенбі күнгі жарық көрген газеттер мен апталық басылымдардың негізгі тақырыбына айналыпты.

“Егемен Қазақстан” басылымы сейсенбілік санында “Республика президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылаймыз” деген тақырыппен мақалалар топтамасын ұйымдастырыпты. Осыған орай өз ойын білдірген І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымының докторы Есенгелді Медеуов Президент жолдауы әлемдік процестен кейін қалып қоймауды көздейді деген ойын жеткізген. Газет тілшісі Жұмағали Бейісұлының мақаласында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланғаннан кейін Қостанай облысында облыстық департаменттердің, басқармалардың басшыларынан, салалар мен жүйелердің білікті мамандарынан тұратын ақпараттық-насихаттық топтардың құрылғандығы баяндалыпты.

“Правда Казахстана” басылымының соңғы санында жарық көрген мақаласында Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин президенттің бір ғана жолдауымен мемлекетті басқаруға болмайден деген көзқарасын білдіріпті. Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, мемлекет басшысының жыл сайынғы жасайтын жолдауларының нақтылық пен бақылау тетіктері жоқ. Президент жолдауына талдау жасаған Серіболсын Әбділдин осыдан он жыл бұрын мемлекет басшысының “экономика мен елдің халқы тиімсіз біртұтас өндіріс салаларын жапқаннан еш ұтылмайды” деген мағынадағы айтқан сөздерін мысалға келтіріп, шындығына келгенде жабылған зауыттар мен фабрикалардың салдарынан бірнеше жүз мыңдаған жұмысшылар жұмыссыздар қатарының толыққандығын айтып өтіпті. Серікболсын Әбділдин президенттің кейінгі кезде Қазақстанда жасалған жақсылықтар мен жетістіктерге “менің үлесім бар” деген сөздері шындықтан ауылы алыс жатыр деп пайымдайды.

“Страна и мир” басылымы соңғы санында өткен аптада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға барып-қайтқан іссапары туралы хабарлапты. Мақала авторының айтуынша, осы іссапар барысында мұнайгаз өндірісі саласына қатысты нақты келісімдерге қол жеткізілген. Германия федерациясының канцлері Герхерд Шредердің айтуы бойынша, Берлинде өткен кездесу кезінде, экономикалық мәселелерден басқа, мәдени қарым-қатынастарды қалай нығайту керектігі де талқыланған.

“Ассанди – таимс” газетінің соңғы санында жарық көрген Александр Бельскидің мақаласында мемлекет басшысының Германиядан қайтатын сапарында Мәскеуге соғуға не себеп болуы мүмкіндігі талқыланыпты. Мақала авторының айтуынша, осының алдында ғана Ресей президенті Владимир Путиннің Өзбекстанның мемлекет басшысы Ислам Кәрімовты қабылдауы Нұрсұлтан Назарбаевтың алаңдаушылығын туғызған. Кейбір ақпарат бұлақтарынан алынған мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстанда болып жатқан жағдайлар Мәскеудің көңілінен шығып отырған жоқ.

Ал, Ресейдің “Коммерсант” газетінен көшіріліп басылған Андрей Колесниковтың мақаласында Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың Владимир Путинмен кездескен кезінде, Нұрсұлтан Назарбаев өз жерінде халықаралық террористердің паналауына мүмкіншілік туғызып отыр” деген мағынадығы айыптауларды айтқандығын хабарлапты.

Газет тілшісінің айтуынша, Ресейдің ресми билігі Қазақстан президентінің Еуропадағы ірі аэрокосмостық компанияның басшысы Томас Эндерсенмен жолығуын және осы кездесу кезінде әуе қорғанысына байланысты бірлесіп жұмыс жасау туралы ұсынысын аса қолдап отырған жоқ. Мақала авторы, мұны Ресей мемлекеті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасындағы біріккен қорғаныс жүйесін құру және НАТО ны оған қатыстырмау туралы келісіміне қайшы келеді деп бағалап отыр деп пайымдайды. Газет тілшісі Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда да Грузиядағы оқиғалардың қайталанатындығынан сескеніп, Батысқа жалтақтап отыр деген ойын білдірген.

“Курсив” газеті өзінің соңғы санында мемлекет басшысы “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңның қабылдануына жол бермеу арқылы батыл қадам жасады деген пікір білдірген.

“Қазахстанская правда” газетінің сейсенбілік санында Америка Құрама Штатының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға” қол қоймау туралы шешімге келгендігін қолдайтындығын білдіргендігін хабарлапты.

Америка Құрама Штаты тарапынан жіберілген қолдауда “Бұқаралық ақпарат құралдары” туралы заңның халықараралық ұйымдар тарапынан талай сынға ұшырағандығы және аталмыш заңның сөз бостандығына шектеу салатындығы айтылыпты.
XS
SM
MD
LG