Accessibility links

Бүгін Ауғанстан 2001 жылдың аяғында Талибан жүйесі құлатылғаннан бергі уақытта бірінші рет сот үкімін жүзеге асырғандықтарын мойындады.


Бас прокурор кеңсесінің директоры Абдұл Махмұд Дақиқ бұрынғы әскери қолбасшы Абдолла Шахтың өлім жазасы 20 көкек күні Қабулдың шығысындағы Пал-а Шархи түрмесінде орындалды деп мәлімдеген. Мұндай дерек Ауғанстанның адам хұқтары жөніндегі тәуелсіз комиссиясы мен Амнести интернейшнл ұйымы Шахқа қатысты жазаның әділетті еместігі жөнінде маселе көтерген соң айтылды. Шах Пагман аймағында әскербасшылық кезінде 20 дай адамның өліміне себепші деп айыпталды, олардың ішінде өзінің бір әйелі, екі баласы да болған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG