Accessibility links

Бүгін 200 испан әскері Наджафтан шығып, Диуаниядағы негізгі базаларына қайтып барған.


Бұл испан жасақтарының Ирақтан кетуге бағытталған бірінші қадамы. АҚШ пен Испания ресмилерінің айтуынша, қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін АҚШ жасақтары қалаға кірген. АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Рейтер агенттігіне берген сұхбатында әлі толықтай анықталмаған дербес Ирақ үкіметі 1 шілдеде билік басына келетін болады, үкімет осындағы американдық күштердің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге тиісті деп атап көрсеткен. Жаңа үкіметтің қызметі тиімді болып, қауіпсіздік қамтамасыз етілуі үшін АҚШ бастаған коалиция күштері ешбір кедергісіз жұмыс жасауы қажет деген ол. Пауелл Ирақ үкіметі егемендігін шектеуге түсіністікпен қарайды, өйткені олар американдық жасақтардың көмегін қажет етеді деп атап көрсеткен өз сөзінде: -Бұл әрине дербестік, бірақ оның бір бөлігін олардың рұхсат етуімен біз жүзеге асыратын боламыз. Бұл біз оларды басып алып жатыр деген емес, бұл біздің көмегіміз, ал көмек бере алу үшін бізге еркіндік керек,-деген Колин Пауелл. Ирақта уақытша үкіметтің құрылуын қолдаған БҰҰң елшісі Лахдар Брахими Ирақтағы АҚШ тағайындаған Басқарушы кеңес таратылсын, оның орнына 2005 жылдың қаңтарында сайлау өткізілгенге дейін, премьер-министр бастаған Үкімет жане және президент пен екі вице-президент тағайындалсын делінген БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің бүгін кешірек жарық көретін резюмесінде.
XS
SM
MD
LG