Accessibility links

Азия Даму Банкі Орталық Азия елдерінің экономикалық өсімі туралы болжамын жариялады


Азия Даму Банкі 2004-2005 ші жылдарғы Азия елдерінің даму болжамы атты есеп баяндамасында Орталық Азия елдерінің экономикалық қал жағдайы, алдағы болашағы туралы да болжам жасапты. Осыған байланысты көкектің 28 і күні АДБ ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Казухико Хигучи мырза БАҚ өкілдерімен кездесті.

АДБ ның Қазақстандағы өкілінің айтуынша 2004-2005 жылдары Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан мен Түркіменстан екеуінің экономикалық өсімі жоғары яғни 9,5-10 процент шамасында болмақ. Бұл өсім негізінде осы елдердегі мұнай мен табиғи газдың әлем базарындаға бағасының әлі жоғары болуымен түсіндіріледі деді ол.

Ал Қазақстан үкіметі болса 2004 ші жылғы экономикалық өсім 7-7.5 процент шамасында болады деген болжам жасаған. 2003 жылы Қазақстанда экономика қарқынының өсуі 9.2 процент болған. АДБ болса 2004-2005 жылдары Қазақстан экономикасының өсуі 9.5 процент болады деген болжам жасап отыр. Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өкілінің айтуынша қазіргі әлем базарындағы мұнай мен табиғи газдың бағаларының жоғары болуы алдағы уақытта да сақталмақшы, бұл осы мұнай мен газға бай Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстан секілді елдердің экономикалық өсіміне оңды ықпал етпекші.

Ал Қазақстан экономикасы жайында АДБ нің жылдық есеп баяндамасында Қазақстанда индустриалды-инновациялық бағдарламаның жүзеге аса бастауы сондай ақ Қазақстан үкіметі тарапынан Қазақстанды шикізат өндіруші , оны экспортаушы елден гөрі өзінде өнім тауар өндіретін елге айналдыру бағытындағы іс жұмыстары, елде жұмыссыздық деңгейін азайтуға бағытталған істері және де елде жеке сектордың үлес салмағын көбейтуге бағытталған жұмыстары Қазақстан экономикасының өркендеуіне жағымды әсер етіп отырғандығы айтылған.
XS
SM
MD
LG