Accessibility links

Шанхай форумына қатысқан елдердің өкілдері Азия тас жолдарының жүйесін жасау және дамыту жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды


Қазақстан аймақтық және ғаламдық ықпалдасу әрекеттерін одан әрі белсенді жүргізуге атсалыспақ. Бұл туралы Қазақстанның Сырты істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Қытайдың Шанхай қаласында Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеметтік комиссиясының 60-шы сессиясында мәлім етті.Сондай-ақ Қасымжомарт Тоқаев Шанхай форумында Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына енуін маңызды міндет ретінде қарайтынын баян еткен.

«Шанхай форумында бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Солардың бірі аймақта көліктік жобаларды іске асыруға қатысты болды. Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Сырты істер министрі Қасымжомарт Тоқаев аталған мәселеге де тоқталды. Министрдің іпікрінше, Қытай, Қазақстанды және Еуропаны жалғастыратын жаңа темір жол жобасын ұсынбақ. Бұл жобаның салынуы ертеңгі күні Қазақстан үшін өте тиімді болады» дейді Қазақстан сыртқы істер министрі кеңсесінің кеңесшісі Ислам Арыстанбеков. Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Уәлихан Қайсаров мұндай жаңа темір жол дәлізін салу Қазақстан экономикасына оң ықпал етеді деп есептейді.

«Біз жібек жолының бойында тұрмыз. Сондықтан егер Еуропа мен Қытайдың арасындағы сауд қарқынды жүрсе, Қазақстан арқылы өтетін темір жолды пайдалану үшін транзиттік төлем алатын болсақ, ол өте тиімді болады » дейді депутат Қайсаров. Қазақстан сыртқы істер министрі кеңсесінің кеңесшісі Ислам Арыстанбековтың айтуынша, форумға қатысқан елдердің өкілдері Азия тас жолдарының жүйесін жасау және дамыту жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойған. Бұл құжат аймақтағы халықаралық маңызы бар автокөлік жолдарының дамуын және тасымалдауды ынталандырмақ.

Ислам Арыстанбековтің айтуына қарағанда, форумда Қасымжомарт Тоқаев Қазақстанның аймақтық және ғаламдық ықпалдасу әрекеттерін одан әрі белсенді жүргізуге мүдделі екендігін, сондай-ақ, әлемдік сауда ұйымына енуді жеделдетуді басым және маңызды міндеттер ретінде қарайтынын атап көрсеткен.

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағанбетова аймақтық және ғаламдық интеграцияның Қазақстанға пайдасымен қатар зияны да бар деп есептейді. Оның ішінде террорлық жағдай. Ол тұрмысы төмен елдерде туып жатыр. Қазіргі ғаламдық жағдайдан ең қорқатын жағдай осы терроршылдық. Одан біз аулақ болуымыз керек дейді ол.

Сенат депутаты Уәлихан Қайсаров Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына енуіне әлі бір 5 жылдай уақыт керек деген пікірде.Ол үшін алдымен ауылшаруашылығы саласын көтеру керек деп есептейді. Депутаттың пікірінше, ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасы төмен. Ал, оны көтермей, әлемдік сауда ұйымына енсек, бұл саланың құлдырауына әкеп соғады дейді.

Астанадағы «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрағасы Қабыкен Зәкәрияновтың пікірінше, әлемдік сауда ұйымына ену Қазақстан үшін пайдалы. Бірақ алдымен отандық өнімдердің өтімділігіне көңіл бөлу керек.

Бұл күндері Қазақстанның қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев та Қытайда ресми сапарда жүр. Қазақақпарат агентітігінің Бейжіңдегі тілшісінің хабарына қарағанда Қытай Қазақстан әскеріне 8 миллион юан сомасында қайтарымсыз көмек көрсетпек. Бұл келісімге екі елдің Қорғаныс министрлері қол қойған. Алтынбаев мырза, сапар барысында Қазақстанның Тайван мәселесіне қатысты көзқарасын жеткізген. Ол Қазақстан бұл мәселеде Қытай территориясының біртұтастығы мен бірлігін сақтау позициясын ұстанатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG