Accessibility links

Изpаилдың премер-министрі Ариел Шарон радио арқылы сөйлеген сөзінде жексенбі күні Газа секторынан жеке бөлініп шығу жөніндегі өзінің жоспары бойынша Ликуд партиясының ішінде өткізілетін референдум шындығында өзіне деген сенім деңгейін айқындайтын болады деген.


Палестин жетекшілері бұл жоспарды 1967 жылғы Таяу шығыс соғысында басып алған Израилдың Батыс жағалау жерлерінде берігірек орнығып, өздерін дипломатиялық қарым-қатынастардан шектеу деп біледі. Шаронның бұлай деп малімдеуіне, жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі көрсеткендей , оның Ликуд партиясының 200. 000 мүшесінің көпшілігі Шаронның жоспарына қарсылық білдірген. Ал бұл уақытта АҚШ-ң мемлекеттік департаменті болса, Америка азаматтарына Израилға сапарлауды қоя тұруға, Газа секторынан тезірек шығып кетуге шақырған ескерту жариялаған, мәлімдемеде бұл аймақтағы жағдайдың шиеленісте қалып тұрғаны айтылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG