Accessibility links

АҚШ әскерилерінің айтунша, Бағдадтың оңтүстігіндегі Махұмдия мен солтүстігіндегі Бақубада шабуылдар кезінде американың 10 әскері опат болған.


Осы айдың өзінде осымен Ирақта американың 126 жасағы қаза тауып отыр. Полиция өкіліне сілтеме жасап, Фаллуджа қаласының жанында бақылау-өткізу бекетінде америка жасақтары миниавтобусты атқылады, соның салдарынан төрт бейбіт тұрғын опат болды деп хабарлайды Рейтерс жане басқа да жаңалықтар агенттіктері. Бағдадтан солтүстікке қарай Бақуба қаласына жақын жерде бір солдат пен бір тұрғын жол үстіндегі жарылыс құрбаны болған. Хабарларға қарағанда тағы бірнеше жауынгер жарақат алған. Ал Басрада белгісіз біреу бір шетелдікті атып өлтірген. Британия әскерилерінің айтуынша, ол оңтүстік африкалық азамат болса керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG