Accessibility links

Бүгіннен бастап, Еуропа одағы өзінің тағы да он мүшеге көбейгендігін тойлауға кірісті.


Сонымен ЕуроОдаққа мүше елдер саны 25ке кетті.

Алғашқы мереке Польша астанасы Варшавадан басталды. Польша бұрыңғы коммунистік лагерден бұл одаққа қосылған 8 мемлекеттің бірі.

Ол мерекеге орай Польшаға Германия президенті Рау келді. Йоханнес Рау Польша парламенті алдында сөйледі.

Ертең сенбідегі ресми салтанат Ирландия астанасы Дублинде жалғаспақ. Франция президенті Жақ Шырақ, бұл бүкіл Еуропа үшін үлкен жетістік, мұнда барлық ел жеңіскер, деген. Чехия, Словакия, Эстония, Мажарстан, Латвия, Литва, Польша, Словения, Кипр және Мальтамен кеңейген ЕуроОдақ 450 млн тұрғыны бар еркін сауда аймағына айналмақ.

ЕуроКомиссия президенті Романо Проди бұл кеңею арқылы Еуропаның бөлінуі аяқталады, дейді.

- Араға 50 жыл салып Еуропалық бірлестік жөніндегі үлы жоба іске аса бастады. Қырғый қабақтық бөлініс мәңгіге аяқталды. Біз енді біріккен Еуропада өмір сүреміз, - деді Романо Проди.
XS
SM
MD
LG