Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдік лаңкестік бойынша жариялаған жылдық баяндамасында Иранды зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдайтын жетекші ел қатарына қосқан.


Сондай-ақ, 2003-жылға арналған бұл баяндамада терроршылықты қолдайтын елдер қатарында Куба, Ирақ, Ливия, Солтүстік Корея, Судан және Сирия елдері аталады. Ирақта әзірше лаңкестікті қаралайтын жаңа үкімет жоқ. Ал Ливия енді жаппай қырғын қаруларынан бас тартып отыр. Зерттеуде терроршылыққа қарсы күрес әрекеттері үшін Сауд Араб елі мақталған.
XS
SM
MD
LG